dauletbay
dauletbay
Без названия
20 posts
Don't wanna be here? Send us removal request.
dauletbay · 5 years ago
Photo
Tumblr media
Құрметті әріптестер және ауылшаруашылық тауар өндірушілер! «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 17 сәуір күні сағат 16-00-де өтетін тікелей эфирге қатысуға шақырады!!! Онлайн-кеңестің тақырыбы: Топырақты көктемгі себер алдындағы өңдеу! Спикер: «ОБМжӨШҒЗИ» ЖШС-ның атқарушы директор, а.ш.ғ.к. Г.Р.Тастанбекова. Сұрақтарыңызды комментарийге немесе ватсап арқылы жолдауларыңызға болады: +7+777-670-42-43. www.instagram.com/ugozapadsciences #naseckz_onlіne #аграрнаянаукаКазахстана #ученыеКазахстана #впр2020 #юзниижир https://www.instagram.com/p/B_EYZztnYiu/?igshid=d7ebl5yhay7k
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
Хижаб – орамал, мұсылман әйелінің ар-намысын қорғайтын жаулығы. Ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді бұйырған. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім кию – мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды. Құран және Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, мұсылман әйеліне орамал тағу – парыз. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және иман келтіргендердің әйелдеріне айт: үстеріне жамылғыларын түсірсін...» («Ахзап» сүресі, 59-аят) деп бұйырған. Аятта киімнің түсі немесе үлгісі анық айтылмаған. Сондықтан әр ұлт, әр мәдениет өкілдері Алланың әмірін өз ұстанымдары, тарихи таным-түсініктері бойынша орындайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес бере��і. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал паранжа (ниқаб) кию – дәстүрлі дінімізге, салтымызға қайшы, бұл діні мен дәстүріне берік болған ата-бабларымыздың жолы емес. Екіншіден, мұсылман жамағаты мен ата-аналарды хижаб мәселесінде қоғамдық келіспеушіліктерге, оқу орындарында әркез кездесетін түсінбеушіліктерге сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес. Үшіншіден, мектеп табалдырығын енді ғана аттаған қыз балаға, яғни балиғат жасына толмаған қызға жаулық жабу немесе орамал тағу – міндетті емес. Мұндай әрекетке бармас бұрын ата-аналардың байсалды, ұстамды болуларын, ыждаһаттылық танытуларын сұраймыз. Мүмкіндігінше мектеп басшыларымен ортақ мәмілеге келулеріне, қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуына назар аударуға кеңес береміз. Білімсіздік – бүлікке бастайтынын ұмытпайық. Алла Тағала қалаған құлына кез-келген тығырықтан шығу жолын үйретеді. Қазақстан мұсылмандары өзі өмір сүріп отырған қоғамнан бөлініп, бөлек тіршілік етпейді. Ата Заңымыз қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың бостандығы мен діни сенімдеріне еркіндік береді. Мұсылмандар да Алланың әмірі бойынша заңды сақтайды және оған құрметпен қарауы тиіс. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі. https://www.instagram.com/p/B67DXSGhtyF/?igshid=17zojgkbyos7l
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Video
instagram
Намазды қашан бастаймыз ағайын, мұсылман бауырлар, ертең кеш болып жүрмесін! https://www.instagram.com/p/B5mb0hhBTkZ/?igshid=19z11anh06v0a
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
Туыстың мұқтаждығын өтеу – кедейге жәрдем бергеннен де артық! ⠀ Бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Иә, Алла Елшісі! Жақсылық жасауға кiм лайықтырақ?” – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Алдымен әкең мен анаң. Кейiн ағаң мен әпкең. Одан кейiн жақындық дәрежесiне қарай туыстарың. Бұл – мiндеттi нәрсе. Туыстық қатынасты үзбе”, – деп жауап берген. (хадистi имам Бұхари жеткізген) ⠀ “Жақын ағайындарыңа ескерт!” аяты түсiрiлгенде («Шұғара» сүресi, 214-аят) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сафаға көтерiлiп: ⠀ “Иә, Қаъб ибн Лууайа ұрпағы, өздерiңдi оттан құтқарыңдар! Иә, Абду Манаф ұрпағы, өздерiңдi оттан құтқарыңдар! Иә, һашим ұрпағы, өздерiңдi оттан құтқарыңдар! Иә, Әбдул-Муттәлиб ұрпағы, өздерiңдi оттан құтқарыңдар! Иә, Мұхаммедқызы Фатима, өзiңдi оттан құтқар! Мен сендерге туыспын, сондықтан да бұл дүниеде қолымнан келген туыстығымды iстеймiн. Алайда, Қияметте билiк жалғыз Алла Тағалада”, – дедi” (хадистi Мұса ибн Исмаилден (р.а) Имам Бұхари жеткізген) _______________________ #асыларна #asylarna #туыс #ағайын #туысқан #жақсылық #садақа #татулық #береке https://www.instagram.com/p/B4uibsfB-Bb/?igshid=9tu0u8p3b1vv
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Video
instagram
Ерлан Болатұлы Ақатаев - Алла бізге көлікті не үшін берді? https://www.instagram.com/p/B4b1U9fBLYF/?igshid=dbkcgmlxp829
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
Намазда ойыңыз бөліне берсе... (кеңестер) Төменде жазылған кеңестер – сізге де, бізге де үгіт-насихат.. 1. Дұға жасау. Құранда және хадисте келгендей, дұға қабыл болатын мезгілдер мен мекендерде дұға жасау. Ибраһим Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Тағалаға мынадай дұға жасады: «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушылардан ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ет!». («Ибраһим» сүресі, 40-аят). Намазда бойсұну – үлкен нығмет. Ал нығмет дұғамен келеді. Жүректердің иесі – Алла, яғни, Алла бермесе, ешбір кеңес сізге бұл рақаттың дәмін таттыра алмайды. 2. Намазға тиянақты дайындықпен келу. Ең бірінші ұқыптылықпен дәрет алу қажет. Себебі, көптеген уәсуас дәреттің нашарлығынан болады. Ал бұл ойлар жүректегі хушуғты жояды. Бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге Алланың күнәларыңды кетіріп, Жәннаттағы дәрежелеріңді көтеруіне себеп болатын амалды айтайын ба?» деді. Басқалар: «Иә, Алла Елшісі!» дегенде: «Дәретті мұқият алыңдар...» деген екен. (Муслим) Яғни, әрбір мүшенің дәреттегі хақысын беру керек. 3. Намаз алдында мисуак қолдану. Алла Тағаланың алдына барарда Құран аяттарын оқитын ауыз қуыстарын тазарту абзал іс. «Ауыздарың – Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар» (Әбу Нуайм). «Үмбетіме қиындатып қоятын болмағанымда, оларға әр намаздан бұрын мисуак қолдануды бұйырар едім» (Бұхари), «Мисуак қолданыңыздар, ол ауыз тазалығына әрі Жаратушының разылығына себеп» (Бұхари) деген хадистер – мисуак қолданудың даналығын нұсқайды. 4. Мешітке ерте бару. Жоғарыда келтірілген Муслимнен жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күнәларды кетіріп, Жәннаттағы дәрежені көтеретін амалдарға дәретпен бірге, мешітке қарай басылатын көп қадамды атайды. Өзіңіз ойлаңызшы, асығып келіп, екінші ракатқа қосылуда, ыңғайсыз орында тұруда қандай бойсұну болсын!? Ал адам мешітке тыныштықпен, лайықты түрде кіріп, намаздың уақытын күтсе сауап жазыла бермек. (Жалғасы пікірде)⬇️ https://www.instagram.com/p/B2OnivUhJT6/?igshid=1q57b638ix7vc
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
*_✅ МӘҺР МЕН ҚАЛЫҢ МАЛДЫ АЖЫРАТА БІЛЕМІЗ БЕ?_* Қалың мал – ер азаматтың үйленер кезде қалдыңдыққа беретін заттай немесе қаржылай сыйлығы. Осы қаражатты қыздың жасауына жұмсауға болады. Мәһр - жігіттің қалыңдықтың өзіне ғана арнап беретін сыйлығы. Яғни, мәһр – некелесу барысында немесе  қалыңдыққа кейін берілетін дүние-мүлік немесе ақша. Алла Тағала бұл турасында: «Үйленетін әйелдеріңе мәһрлерін (қалыңдық сыйын) шын көңілден тарту етіңдер. Егер олар өз ризашылығымен сол мәһрдің бір бөлігін өздеріңе қалдырса, сендер үшін таза һәм адал. Игіліктеріңе жаратып, қызығын көріңдер», – деген («Ниса» сүресі, 4-аят). Мәһрді қыз бала жеке өзі пайдаланады. Сый болғандықтан қалың мал мен мәһрдің мөлшері белгіленбеген. Бірақ, қазіргі таңда пендешілікке салынып, қалың мал қандайда бір мөлшерге ие деп жататындар да жоқ емес. Мәһр туралы Құранда айтылып кеткендіктен, оны орындау ер азаматқа міндет. Оның мөлшері жайлы мына аяттан ұғуға болады: «Ажырасқан әйелдеріңе кезінде үйіп-төгіп мәһр берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар» («Ниса» сүресі, 20-аят). Яғни, мәһрдің мөлшеріне ешқандай шек қойылмаған. «Бір күні мұсылмандардың халифасы Омар ибн әл-Хаттаб (Оған Алла разы болсын)  мінберге шығып: «Мәһр мәселесінде астамшылық қылмаңдар! Пайғамбарымыздың(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  дәуірінде сахабалар мәһрды 400 дирһамнан асырмайтын», - деді. Омар (Оған Алла разы болсын)  мінберден түскен сәтте құрайш тайпасының бір әйелі: «Уа, халифа! Сіз мәһрдың 400 дирхамнан аспауын бұйырдыңыз ба?», - деп сұрайды. «Иә», - деген жауап алған әйел: «Сонда сіз Алла Тағаланың: «Мәһрге қинтар (көп, сансыз мал-дүние) берген болсаңдар да...» дегені жайында естімедіңіз бе?», - дейді. Омар (Оған Алла разы болсын) аңырқап қалды да: «Уа, Тәңірім! Мені кешіре көр!  Негізінде, адамдардың бәрі – дін мәселесінде Омарға қарағанда білімдар», - деді. Осыдан кейін Омар (Оған Алла разы болсын) қайта мінберге шығып: «Уа, халайық! Мен сендердге мәһрдың мөлшерін шектеген едім. Мені тыңдаңдар! Енді осыдан соң әркім мәһрге өз қалағанын берсін», - деп бұйырды» (Қ.Бағашар). (Жалғасы комментте)⬇️ https://www.instagram.com/p/B1-XwWIBNYv/?igshid=hjc9dbkpdp36
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
Қазақтың тойы бітпесін! (at Shymkent) https://www.instagram.com/p/B1fqyVUBRwn/?igshid=15duz6e50hckt
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Video
instagram
@xareket_kory_official Құрметті достар біздің жақсы жаңалығымыздан құр қалмаңыздар! 😍😍😍Адам қайғысы - заман қайғысы. Конкурсқа қатыса отырып, мұқтаж бауырларымызға баспана сыйлауға ,сауапты іске үлес қосуға мүмкіндігіңіз бар! Ал,досым сауапты істен сенде құр қалма! 😜🙌🏻КОНКУРСтардың КОНКУРСы!😱🤩🤗 Шарты өте оңай.Біз көрсеткен парақшаға тіркелесіз және 10 досыңызды белгілейсіз.Сыйлығы өте ерекше☝🏾 Ал, кеттік тіркелейік,белгілейік👉🏿 Парақшамыздың аты_ @xareket_kory_official _ @oner_krandary_official Осы арқылы қаншама мұқтаждардың баспаналы болуына себепкер боласыз Алла қаласа ✊🏿✋🏿🌞💐🍞🕌🏠🗣❤🎉🇰🇿 1000 ТЕҢГЕГЕ - БАСПАНА @xareket_kory_official ШОТЫМЫЗ: Жеке тұлғалар үшін: (Каспий терминалдан) КАСПИЙ ДЕПОЗИТ: ИИН 720208401907 КАСПИЙ ГОЛД: 5169493114170866 КАСПИЙ КОШЕЛЁК: 08.02.1972 87765002029 КИВИ КОШЕЛЕК:Фонд Харекет. Халық банк: 4390 8722 0349 4275 ИИН: 720208401907 (Гүлмира Мұханқызының аты шығады осы шоттарда) Заңды тұлғалар үшін: ОФ «Благ��творительный Фонд «Харекет» БИН 170940025833 KZ91722S000001298489 - KZT КБе – 17 АО «KASPI BANK» БИК CASPKZKA ХАБАРЛАСУ ҮШІН: 8 (727) 3 67 19 77 #астана #алматы #шымкент #тараз #қызылорда #ақтөбе #орал #атырау #актау #мангыстау #қостанай #павлодар #петропавл #кокшетау #караганда #семей #түркістан #ислам #islam #лайк #xарекетқайырымдылыққоры #репост https://www.instagram.com/p/B1YZ4oVhr0d/?igshid=1u9e4gsdiyz3j
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media Tumblr media
Cappadocia, Turkey 🇹🇷
415 notes · View notes
dauletbay · 6 years ago
Video
instagram
Арысым - намысым! Азаттық алғалы елдің елдігін, ердің азаматтығын танытатын сын сағаттар болары анық. Сол - сын сағат осы. Аллаға шүкір, ел екенбіз! Арыс оқиғасы мемлекет басшысынан бастап қарапайым ауыл тұрғынына дейін халықтың барлық өкілінің басын біріктіріп, жүрегіндегі жанашырлығын оятқан оқиға болды. Алла ынтымағымызды арттырып, пейілімізді кеңейтсін! #арысбізбіргеміз https://www.instagram.com/p/BzLKvWZhDrK/?igshid=pgq2w3haqy1q
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
Бір кісі Құранды жаттай алмаса да, оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы: - Əке, не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта-қайта оқи бересіз?- деп сұрапты. Сонда əкесі: - Ұлым, көмір таситын себетті алып, су алып кел,- деді. Ұлы таң қалып, " бұл мүмкін емес қой" деді. - Амалдап болса да су алып кел,- деді əкесі. Бала арықтан су толтырып алды да, жүгіргенше əкесінің алдына келді, бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су əкеле алмаған ұлы: - Əке, айттым ғой, мұның сірə амалы жоқ. Себет суды ұстап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді, -деді. Əкесі: - Ия ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадыңба? - деп сұрады. - Ия əке, себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатын, су құя бергеннен тазара бастады, - деп жауап қайырды ұл. - Міне көрдіңбе балам?! Дүниенің тіршілігі деп жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран - су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалық, тұнықтық қасиеттермен безендіреді, - деген екен.. https://www.instagram.com/p/BzIYUSwBNxB/?igshid=13nr0qm734qvz
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
«Бөген суқоймасы жарылады», «он баллдық жерсілкілінісі болады», «Шымкент, Түркістан облысы топан басады» деп, мұсылмандарды қорқытып, жалған ақпарат таратпаңыздар. Кейбір бауырларымыз жылап, әлі ұйықтамай, жанұясын алып, қорқыныштан үйрейленіп, қала шетінде жүр. Пайғамбарымыз (‎ﷺ) жалған былай тұрсын, әзілдеп те мұсылманның жүрегіне үрей салуға тыйым салған. Онсыз да xалық үрейлі күйде жүргенде, отқа май құймаңыздар! Оданша Арыстан келген ағайынға қол ұшыңызды беріп, таба алмай жүрген балаларын табуға көмектесіңіздер!!! https://www.instagram.com/p/BzHIjwpB3Ll/?igshid=6mvygsrwsncc
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Photo
Tumblr media
Шымкент қаласы бойынша еріктілік қызметінде көмектесе алатын ұл-қыздар болса xабарласа алама 250+ бала жоғалып кеткен ауысып 30 шақты пункттің адресі бар. +7 747 309 1797 Айкерім. WhatsApp-та Арыс іздеу саламыз деген группа бар: https://chat.whatsapp.com/LHqbAlJ6ErlHyd8JnZiVlD https://www.instagram.com/p/BzHGnr_h0br/?igshid=t2tnxg9kta9y
0 notes
dauletbay · 6 years ago
Video
instagram
Сен еркек болсаң ол шынайы әйел болады https://www.instagram.com/p/By7-7uDBYSa/?igshid=ta92w67pij1m
0 notes