Tumgik
#қабір
darulahnaf · 7 years
Text
Киімге қойылатын Ислам талаптары. 2-бөлім
Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани
 Ақирет күні алдындағы әйелдердің жағдайы 
Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, егер біз қоғамның жағдайын өз көзімізбен көрмесек хадистің мағынасын түсіне алмаған, қазіргі заманғы қоғамның анық бейнесін өзінің хадисінде суреттеді. Ол уақытта бұл жағдайды (қоғамның) өзімізге көрнек түрде елестету мүмкін болмады. 
Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: 
«Ақірет күніне жақын уақытта әйелдер үстерінде киім болса да жалаңаш болады. Олардың шаштары түйенің өркешіне ұқсас болады». [Қр. Муслим «Сахих»] 
Қазіргі сән Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, болжамын растап отыр. Ол бұл сөздерді қазіргі заманғы әйелдерге қарап отырып айтқан сияқты. 
Сосын Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: 
«Бұл әйелдер өзгені өзінің жүрісімен, әшекейімен және (бет-ауыздарын бояп) косметикамен (өздеріне) тартатын болады. Олар тақтарда болып (отыра), (ол жақтан төменге) мешіттің есігінің алдында түсетін болады».  
Хадис талқылаушылар осы хадисті түсіндіруде қиналған. Біздің уақыттағы өмірдің қазіргі жағдайлары оның мәнін әйелдер автомобильге отырған кезде түсінікті болды. Біз қазір соқтығысып жатқан жәйттар күнәні ашық жасап жатқан адамдардың Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тыйымдарын ашық елемеуінен болып жатыр. Айта кету керек, күнәнің екі түрі бар, бірінші түрі – бұл адамның күнәні жасырын және ашық жасауы. Ол кейде кінәсін сезініп, тәубеге келеді. Ал екінші түрі – бұл адамның күнәні ашық және оны мақтанышпен жасауы. Бұл өте қауіпті жағдай. 
Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисте айтқан: 
«Үміт бар, мені үмметімнің күнәһарлары Алланың Мейірімімен, не болмаса Алланың Мейірімімен тәубеге келу арқылы кешіріледі». 
Күнәні ашық жасайтындар өзінің күнәларымен мақтанады және өзінің күнәларын жақсы амал деп есептейді. Олар тіпті өздерінің дұрыстығына дәлел келтіріп, оларды қорғауға тырысады. Олар уақытпен қатар жүргілері келеді және қоғамның наразылығына ұшырағылары келмейді. Мұндай түзелмейтін күнәһарлар үшін Алланың Мейірімінде ешқандай кешірім жоқ.
Қоғамнан бас тартыңыз 
Ойланып көріңіз! Бұл деген Алламен қарым-қатынасты түзету үшін қоғамнан бас тарту – тиімді келісім емес пе? Қоғам қашанға дейін сізбен бірге қызметте болады және не үшін? Назар аударыңыз, сіз қабірде болғанда, сізбен дүниеден алған жақсы амалдарыңыздан басқа ешкім болмайды. Ол сізді қабір азабынан құтқаруға келмейді. Мұндай қиын сәтте Алланың жазасынан құтқару үшін, сіздің жақсы амалдарыңыздан басқа ешкім болмайды. 
Мұндай сәттің сұмдығы жайлы Алла Тағала былай деп айтады: «Білмедің ба? Көктер мен жердің иелігі? Аллаға тән. Сендер үшін Алладан (басқа) өзге не дос, не жәрдемші жоқ». [Қр. Бақара 2/107.] 
Басқа сөзбен айтқанда ол күні сізді Алла Тағаладан басқа ешкім құтқармайды. 
Ағлаққа толы оқиға 
Қасиетті Құранның (Саффат) 37-і сүресінде Алланың өз Мейірімімен Жәннатқа кіргізіп, барлық игілікпен бөлеген адам жайлы оқиға бар. Жайлы уақытта ол өзін ағат қылық пен күнә жасауға арандатқан, қоғамның және жағдайдың талабына бола адастыруға тырысқан досын еске алды. Бұл Жәннаттың тұрғыны өзінің аңғырт досының тағдырын білуді қалайды. Сол себепті ол оны табу үшін Тозаққа қарады. 
Қасиетті Құран айтады: «Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де: «Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың» дейді. «Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине мен де тозаққа келтіргендерден болар едім». [Қр. Саффат 37/55-57 аяттар.] 
Кез-келген жағдайда, бұл қоғамның істері иманы жоқ адамға тартымды болып көрінеді, ал Аллаға, Соңғы күнге, Ақірет күніне сенім бар адам қоғамның әсемдігіне алданбауы керек. Егер сіз бір күні өзіңізді Жаратушының алдына келетініңізге және Оған есеп беретініңізге нақты сенімде болсаңыз, онда сіз Алланың және Оның Пайғамбарының, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырығына сүйеніп, мына қоғамның мазағын күлімсіреумен қабылдауыңыз керек. Егер бұл қоғам сізді артта қалған ескішіл деп есептесе, сіз назар аудармаңыз. Сонымен рухтанып мына қоғамға сіз олар айтқандай болып табылатыныңызды, сонда да мына қоғамдағы барлық түсінбестікте және таңғалыста қандай да бір жағдай болмасын Тозаққа түсуді қаламайтыныңызды ашық айтыңыз. 
Бұл келеке – мұсылмандар үшін игілік 
Алланың Пайғамбарыда, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, иман келтрімегендердің мазағына ұшырады. Дін жолына түскелі тұрған адам бұл мазақтарға шыдай білуі керек. Алайда, егер сіз бұл мазақтарды өзіңіздің мақтанышыңыз деп есептемесеңіз, онда сіз табысқа жете алмайсыз. 
Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисте айтқан: 
«Алланы еске алуда адамдар сізді есі ауысқан деп есептейтіндей, сондай бір ынтамен беріліңіз». 
Қоғамның артынан көрмей-білмей ермеңіз, бірақ қарама-қарсы бағытта қозғалыңыз және қоғамның қозғалысының бағытын өзгертуге тырысыңыз. Адамдар жұмысына адал және берілгенді есі ауысқан деп есептейтіні белгілі. Олар бұл адам есінен ауысқан деп айтады. Осылайша, пара алудан және пара беруден, заңға қарсы әрекеттерден қашып, киімге қатысты Алланың тыйымдарына бағынатындар осындай мазаққа лайық. Сізге қоғамның азғындауымен тағылған ат сіз үшін Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келген қуанышты хабар және сіздің мақтанышыңыздың себебі болуы керек екенін ескеріңіз. Бұл атауды оның өзі сендерге меншіктеген.
Сол себепті осы сияқты үндеулер сізге бағытталса, онда сіз Аллаға екі ракаат алғыс намазын оқып, разылығыңызды білдіріңіз. Осылайша Алла Тағала бұл күні сізді ең жоғарғы дәрежеге көтеріп және Оның пайғамбары, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, м`уминге (иман келтіргенге) тағайындады. 
Және мұнда уайым мен қауіптің еш себебі жоқ. Мауляна Хафар Әли Кхан осы ойды өлеңінде әдемі жеткізген: 
«Таухид (бір Құдайшыл) – бұл Алланың өлгеннен кейін қайта тірілу күнінде жариялайды: «Қараңдар! Міне Менің құлым мына екі дүниені де, Менің разылығым үшін жек көрді». 
Сол себептен егер сіз мына дүниеге теріс қарасаңыз және Алламен өзіңіздің қатынасыңызды берік орнатсаңыз, бұл жаман я болмаса арзан мәміле болып табылмайды. Мына пендешілік өмір өте қысқа. Сіз мына өмірден келесі мәңгі өмірге өткен кезіңізде, сізді жылы қабақпен қарсы алады. Ақірет күні сізді әдетте мазақ етіп, жәбірлегендер жылайтын болады. Сіз қанша уақыт осы қоғаммен бірге қызмет етіп, оларға бағынатын боласыз? Қашанға дейін олардың артынан көрмей-білмей ере бересіз? Мына қоғамнан жалаңаштықты жою үшін батылдық пен табандылықты жинаңыз. 
Алла Тағала бізге осы мәселеде жәрдем берсін. Әмин! 
Құдіретті Алла жасыру керек әурет жерлерді жабатын киімнен тұратын киімге қатысты бірінші қағиданы белгіледі. Осы талаптарға сай келмейтін киім жалаңаштанудың әдісі ғана болып табылады. 
Киімге қатысты екінші қағида 
Алла Тағала сіз үшін өзінше әшекей және мұнтазы «киім-кешек» (мағынасы) сөзін пайдаланып, киімге қатысты екінші қағиданы ескертті. Адамның сұлулығы оның көйлегінде. Сол себепті көйлек, оны киетін адамның еркіндік және рақаттылық сезінуі үшін жақсы пішіліп тігілген болуы керек. Ол басқа адамдарға жек көрушілік сезімін туғызбас үшін, адамға нашар тұруы немесе сәйкес келмеуі болмау керек. Ол жеткілікті мөлшерде әдемі және тартымды болуы қажет. 
Өзіңе жанға жайлы болу үшін қымбат тұратын киімді киюге рұқсат етілген 
Кейде адам өзі киюі керек болатын киімге қатысты күмәнда болады. Егер ол қымбат тұратын киімді киетін болса, онда бұл ысырапшылдық болуы мүмкін. Егер ол қарапайым киімді таңдаса, оның қаншалықты жұпыны болуы керек? Ас-Санауи ғалым, Алла оны рақым етсін, бізге ұятты жерімізді толығымен жабатын және де денені белгілі бір ыңғайлылықпен қамтамасыз етуі керек киімді киюге кеңес берді. Мұндай киімді киюде ешқандай зиян жоқ. Мысалға, ыңғайлылық үшін жұқа матадан тігілкен киімді киюге толықтай рұқсат етілген. Осылайша, адам киімнің бұйымын матаның метрі 10 шартты өлшемнің орнына метрі 15 шартты өлшем құнымен сатып алады, өйткені бұл құн оның затының шегінде орналасқан, ол осы жайлы бұл қосымша метр жайлылық үшін деп ойлайды жән мұндай киім дәл солай оны қуантады. Бұл не ысырапшылдық, не күнә болып табылмайды. Осы сияқты киімді киюге толық рұқсат. 
Бай адам әжептәуір киім киінуі керек 
Бай адамға ескі киім және үшінші разрядты киімді кию жақсы емес. Хадисте бір жағдай айтылады, бір күні Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, біреу келеді. Ол үстіне ескірген және өңі кеткен киім киген. Содан Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, одан сұрады: «Сенде қандай да бір мүлік бар ма?». Ол: «Иә»,– деді. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сұрады: «Иә, ол не мүлік?». Ол: «Алла маған әртүрлі мүлік берді: түйелерді, ешкілерді, аттарды және құлдарды». Сол кезде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған айтты: «Егер Алла саған осындай мүлік берсе, онда одан сенде және сенің киіміңде көрініп тұруы керек». 
Басқа сөзбен айтар болсақ, Алланың сыйына бөленген адамның қайыршы кезбе сияқты шығуына болмайды. Кейбір мағынада бұл Алланың сыйына рақметі жоқ дегенді көрсетеді. Сөйтіп, бұл күнә болмайды, Алла нәсіп еткен сыйдан киімді киген адамды қуантып, ыңғайлылықпен қамтамасыз ететін киімді алу – рұқсат етілген амал болып табылады. 
Кейде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қымбат киімді киген 
Қарапайым адамдар Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Қара жамылғыдағы Пайғамбар», – депте атаған, ал ақындар өздерінің өлеңдерінде осы ерекшелікке (оның киіміне) үлкен танымалдылық берген. Ол өмірінің көп бөлігінде қарапайым киімді ұнатқаны таза шындық. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы мынадай жеткізіледі, онда қатқыл матадан тігілген киімді кию әдеті болған және ол қалың жамылғы киген. Алайда ол бір күні шамамен екі мың динар бағадағы көйлекті киген деп, ол жайлы ұқсас айтылады. Өйткені үммет үшін Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әрбір амалы Сүннет және Шариғаттың бөлігі болған, бұл жерде де солай, бұл оның біз сияқты әлсіз адамдарға арналған нұсқауы, яғни сыпайылықты білдіру және ыңғайлылық үшін қымбат киімді кию толықтай рұқсат етілген. Бұлай істеу әркімнің өз еркінде. 
Жасанды байлық және жасанды әрекет ету рұқсат етілмеген 
Адамдар, анда-санда өте бай адам және басқадан асқандықтан, осындай қымбат киім кие алатынын айналасындағыларға көрсету ниетімен, қымбат киімді сатып алып киіп жатады. Ол мұны басқалардың алдында өзінің маңыздылығын және артықшылығын көрсетуі үшін істей алады. Бұл әрекеттердің барлығы заңсыз және толықтай тыйым салынған «жасанды байлық және жасанды әрекет ету» анықтамасында жатыр. 
Рухани ұстаздың қажеттілігі 
Адам өзіне жәй ыңғайлылық жасауды немесе ол өзінің артықшылығын басқаға көрсетуді қалайтын – қымбат киімді кию жағдайларының арасында өте білінер-білінбес айырмашылық бар. Кім бірін басқасынан ажырата алады? Мұны әркім түсіне бермейді. Бұл жерде жаңғыртушы және басшы керек. Ол былай айтуы мүмкін – өзіне ыңғайлылық жасау үшін расыменде қымбат киім болды ма әлде бұл шайтанның өтірігі ме. Осындай күдік пен күмәнді жағдайларда (адамды) діни тәлімгер дұрыс басқаратын болады. Бұл тек киімге ғана қатысты емес, ол тамақ, аяқ киім, үй және т.б. сияқты мәселерге де қатысты. Шейх Санауи, Алла оны рақым етсін, осы айырмашылықты түсіну үшін бағалы формуланы берді. 
Ысырапшылық пен тәкаппарлықтан тыйылыңыздар 
Пайғамбар осы тамаша қағиданы келесі хадисте білдірді. Оның мағынасы:
«Өздеріңе ұнағанды жеп ішіңдер, бірақ екі заттан тыйылыңдар: ысырапшылықтан және тәкаппарлықтар». 
Басқаша айтсақ, ниет адамның өз киімін көрсету қалауымен киюінен тұрады. Сол себепті бізде тәкаппарлықты тудыратын киім бұйымдарын киюден тартыну керек. Алайда қандай киім ысырапшылық пен тәкаппарлыққа әкелетінін айту үшін діни тәлімгер керек. Біз киімнің тәп-тәуір және әдемі болу керектігінен тұратын киімнің екінші қағидасын талқылаудамыз. Осы аралықтарда қалып, сіз өзіңізге ұнайтынды істей аласыз. Осы аралықтан шығатын кез-келген басқа тәуір және әдемі киімдерге тыйым салынған. 
Соңғы сән (мода) үлгісі артынан қумаңыздар 
Адамдар жеке таңдаулары мен ыңғайларына киім сай келе ме жоқ па, осыған тәуелсіз сәннің артынан қуатын қызық әдетті өздерінде қалыптастырып алған. Оны басқаратын, таңдаудың жалғыз белгісі – сәнге сәйкес келетінді қабылдау және сәннен шыққанның барлығын лақтыру болып табылады. Мысалға, бір кездері ұзын және кең көйлек сән болған, нәтижесінде барлық адамдар оны киіп қана қоймай, олардың алуан-түрлі құндылығын шектен тыс мақтады. Қысқа көйлектер сәнде болған кезде, ұзын көйлекті шектен тыс мақтағандарын ұмытып, оларды ығыстырып, қысқа көйлекті өте сирек, бірегей нәрсе ретінде қабылдады. Сән негізінде жарамды немесе жарамсыздық нәрсесін таңдау дұрыс емес. Шариғаттың рұқсатына сәйкес өзіңіздің ыңғайлылығыңызға және көрсетуіңізге сәйкес ұнайтынның барлығын киюіңізге еркіңіз бар.
Өзіңізге ұнағанды жеңіз және киіңіз 
Хинди тіліндегі танымал мәтел бар, ол мағынасында шамамен келесіні білдіреді: «сіз өзіңіз жақсы көретінді жей аласыз, бірақ сіз әлемге (адамдардың көпшілігіне) ұнайтын нәрсені киюіңіз керек». 
Ислам шариғаты бұл мақұлдауды қолдамайды. Оның ��рнына ол өзіңізге ұнағанды жеуді және өзіңізге ұнағанды киюді бұйырады. Егер сіз Пайғамбармен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырылған шекарада ғана қалатын болсаңыз, Ислам шариғаты сізге ұнағанды жеуге және киюге мүмкіндік береді. Сән болған және басқа үшін өзін көрсету үшін бағытталған киімді киюге рұқсат етілмеген. Бұған толық тыйым салынған (харам). 
Әйелдер және сәнге деген құмарлық 
Біздің әйелдердің менталитеттері мынадай, оларға басшының көбірек қажеттілігінде. Киім бұйымдары олар үшін арналмаған, оларды көріп және бұл әйел соңғы сән үлгісі бойынша киінген және ол бай отбасына жататынын бағалау үшін басқа адамдарға арналған деп есептейді. Нәтижесінде олар өз үйлерінде, жақындары мен туыстарының, күйеулерінің алдында әдеттегідей нашар киініп жүреді. Алайда, қандайда бір шараға бару үшін шығу керек болса, олар оған көйлектері тартымды және соңғы сәнге сай болу үшін, адамдар оларды (әйелдерді) бірінші дәрежелелік топтың адамдары екенін көру үшін көп көңіл бөледі. Оларда әрбір шара үшін жеке киім бар. Олар сол бір киімді екі мерекелік кешке кимейді. Ең бірінші себеп – олар өздерінің жеке таңдауы мен талғамын негізге алуды емес, өздерін көрсету үшін шығаруды жақсы көреді. Өзін көрсетудегі жайдарлылық заңсыз және күнә болып табылады. Егер әйел өз киімдерін күн өткен сайын ауыстырса, егер ол өзін көрсету үшін емес жасалса, онда ол үшін ешқандай күнә жоқ, керісінше жеке өзіне рахаттылық сыйлайды. 
Имам Мәлік және жаңа киім 
Белгілі болғандай, жол бастаушыларымыздың кейбірі әдемі киімді ұнатқан. Имам Мәлік, Алла оны рақым етсін, соның бірі болған. Ол Нұрлы Мединеде тұрған және имам Даруль-Хиджра ретінде танымал болған. Бұл оның күн сайын жаңа киімді кию әдеті болғанымен байланысты. Бұл дегеніміз ол үшін жыл сайын 360 костюм дайындалғанын, оның бірін кисе, оны қайтадан кимегенін білдіреді. Біреу бұны ысырапшылдық деп байқап қалған. Имам Мәлік, Алла оны рақым етсін, бұл қарсылыққа келесідей жауап берген: 
«Мен бұдан құтыла алмаймын. Әр жылдың басында досым маған 360 костюмді, менің әр күні жаңа киім киюімді талап етіп әкеледі. Егер мен оның сыйлығын қабылдамасам, ол оның наразылығын тудырады, егер мен әр күні жаңа киім кимесем, осылайша сыйлықтың мақсаты жойылатын болады. Сол себепті мен өз киімімді күн сайын ауыстырамын және шешкен киімді кедей адамға беремін. Сөйтіп көптеген кедей адамдар осындай тәжірибеден пайда алады». 
Қалай болғанда да имам Мәлік, Алла оны рақым етсін, өзінің әрекетімен өзіне және сыйлаушысына рахат сыйлады, ол бұны өзінің киімі мен байлығын көрсету үшін жасаған жоқ. 
Шейх Санауимен болған жағдай 
Ағлақпен орындалған бұл оқиғаны мен өзімнің қадірлі әкемнен естідім. Санауи шейхте екі әйел болған, бірі үлкенірек, ал бірі жас. Қазірдің өзінде егде тартқан үлкен әйелі қолынан келгенше күйеуіне жақсы жағдай жасауға және қызмет көрсетуге тырысатын. Идуль-Фитр мерекесі жақындап келеді. Ол мерекеде сыйлық ретінде тамаша матадан тігілген көйлекті күйеуіне сыйлауды шешеді. Ол базардан ашық түсті бағалы матаның бөлігін сатып алып, көйлекті тігуді бастайды. Ол маулянаға өзінің сыйлығы жайында алдын-ала хабарламайды, өйткені оған мерекеге тосын сый ретінде жасағысы келді. Көйлек дайын болып, ауыр жұмыстан кейін, ол мереке қарсаңында түнгі уақытта маулянаға жіберілді және әйелі оған мерекелік намазды осы көйлекте өткізуге кеңес берді. Ашық түсті матадан тігілген көйлек Маулянаның талғамынан әлдеқайда алыс еді. Содан Мауляна қиын жағдайда қалады. Не істеу керек? Ол Рамазан айында осы көйлекті дайындауға ұзақ еңбек еткен әйеліне жақсылық жасағысы келді. Солай болғандықтан ол осы көйлекті киіп, мерекелік намазды сол киімде өткізді. Намаз соңында бір кісі оған жақындап, бұл көйлектің оған жараспайтынын айтты. Мауляна бұл ескертуді қабылдады да, киімін шешіп, сол кісіге сыйлады. 
Басқаға жақсылық жасау 
Санауи шейх осы оқиғаны менің әкем муфти Мұхаммад Шафи Сахибпен бөлісті. Ол осы көйлекте намаз оқыған кезінде нағыз азапты сезінген, өйткені ол мұндай ашық түсті киімді кимеген. Бірақ осы көйлекті өз қолымен тіккенде көп еңбек сіңірген әйелін қуанту үшін осы ыңғайсыздыққа көнген. Егер адам өзіне немесе туысына және жақындарына және оған осындай сыйлық берген адамға ұнамдылық жасау үшін әдемі киім кисе, мұндай ешқандай күнә жоқ. Бірақ, егер адам осы сияқты киімді өзін көрсетуге шығару және өзінің байлығы мен артықшылығын көрсету ниетімен кисе, онда бұл оның жазасына себеп (болашақ өмірде) және мұндай мінез-құлық мүлде рұқсат етілмеген болып табылады. 
Киімге қатысты үшінші қағида 
Шариғатта ескертілген үшінші қағида киімнің басқа дін қауымының киімін еске түсірмеу керектігімен байланысты. Бұл тәжірибені шариғатта «ташаббух» (еліктеу, ұқсату) деп атайды. Басқа қауымының мүшесіне ұқсау ниетімен ұнай ма жоқ па, жарасып тұрма жоқ па, осыған тәуеліз киімді киюі – ауыр күнә болып табылады. 
Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің хадисінде киімді басқа қауымға бірден-бір ұқсау мақсатымен киетіндерге қатаң ескертуін білдірді. 
«Адам басқа қауымның киімін осы қоғамдастыққа еліктеу ниетімен кисе, онда ол Ислам қауымынан емес, сол қауымның бірі болып табылады». [Қр. Әбу Дауд.] 
Осы сияқты басқа қауымның киіміне және т.б. еліктеу оған деген махаббатын жанама түрде білдіру болып табылады. Мұндай адам болашақ өмірде өзі еліктеген қоғамдастықпен бірге қайта тірілетін болады. Не деген сұмдық! 
Аллах бізді мұндайдан сақтасын! Әмин.
Жалғасы бар ин ша Алла ...
Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com
from Blogger http://ift.tt/2mSlsMf via IFTTT
0 notes
darulahnaf · 7 years
Text
Олар қайда кетті?
Қадірменді мұсылман бауырлар, бұл жалған дүние уақытша және өткінші әрі осы дүниедегінің барлығы уақытша. Мәңгі тірі және мәңгі Жасаушы – ол Алла Тағала ғана. Бұл дегеніміз осы дүниеде ешкім де мәңгі қалмайды. Біз қаласақ та, қаламасақ та, бұл дүниеде тек қана жолаушы секілдіміз, себебі бұл дүниеде аз ғана уақыт болып, бәріміз арғы дүнеге (ақіретке) қайтамыз. Хикмет иесі Алла Тағала бізге бұл жайлы Қасиетті Құранда былай деп айтқан:
كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ثُمَّ إِلَيْنَا تُرْجَعُونَ
 «Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады». [`Анкабут 29/57 аят]
قُلْ إِنَّ الْمَوْتَ الَّذِي تَفِرُّونَ مِنْهُ فَإِنَّهُ مُلَاقِيكُمْ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
«Айт: “Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де». [Жұм`а 62/8 аят]
أَيْنَمَا تَكُونُوا يُدْرِككُّمُ الْمَوْتُ وَلَوْ كُنتُمْ فِي بُرُوجٍ مُّشَيَّدَةٍ
«Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді». [Ниса 4/78 аят]
إِنَّا نَحْنُ نُحْيِي وَنُمِيتُ وَإِلَيْنَا الْمَصِيرُ
«Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ». [Қаф 50/43 аят] Бұл аяттар біздің бәріміздің өлетіндігіміздің дәлелі және біз өлгенде Аллаға қайтатынымыз хақ. Өлімді ешкім тоқтата алмайды және одан ешкім қашып құтыла алмайды және оның емі жоқ. Бұл Тәңірлік заң. Бұл жайлы Алла Тағала Қасиетті Құранда айтқанындай, пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің хадистерінде айтқан.
Бұл жер бетіне көптеген халықтар мен өркениеттер келді, алайда олардың бәрі де өздерінен бұрын келген халықтардың кейіпін киді және біраз уақыт соң, жоқ боп кете берді.Жамандар да, жақсылар да өтті бұл жалғаннан, алайда олар әр түрлі бағытқа, әр түрлі тарапқа кетті. Өйткені, Қасиетті Құранда былай деген:
إِنَّ الْأَبْرَارَ لَفِي نَعِيمٍ وَإِنَّ الْفُجَّارَ لَفِي جَحِيمٍ
«Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығымет ішінде болады,[яғни Жәннатта]. Негізінен бұзықтар, Тозақта болады». [Әл-Инфитар 82/13-14 аят] Біліңіздер және есте сақтаңыздар, тек Алла ұмытқан қарапайым адамдар ғана өлген жоқ, олармен қатар ұлы басқарушы патшалар мен хандар да өтті және олардың өздерімен бірге бүкіл патшалық,биліктері де кетті. Төрт күл дүниені билеген хандар да кетті. Небір Намрудтар кетті: «Алла» деп айтқан адамды отқа тірідей тастаған. Ақиқаттың даусын өшіргісі келген небір Перғауындар өтті бұл дүниеден. Өзінің байлығына алданған Харұндар кетті. Өлімнің өзі олардың жотасын сындарған Парсылар кетті. Алланың нұрын сөндіргісі келген және Алланың сүйікті пайғамбарын, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өлтіргісі келген Әбу Жәхилдер мен Әбу Ләхәбтар кетті. Ислам мен Қасиетті Құранды мұсылмандардың өмірінен алып тастағысы келген Тағұттар кетті. Тіпті ауруға ем-шипа ойлап тапқан данышпандар және адамды өмірге қайтарған емшілер мен дәрігерлер де кетті. Иә, дәулетіне, жағдайына, күші мен билігіне қарамастан бұл дүниеге келген әрбір адам, бұл дүниеден міндетті түрде кеткен. Ешкімде тұрақтап қалмаған. Сол бір кездегі жарқын жүзділер қайда кетті? Көздері оттай жайнағандар қайда? Жастық шақтары мен байлығы көр соқыр қылғандар, о дүниені ұмытқандар қайда? Өзінің сарайының санын білмеген патшалар қайда? Қолбасшылар қайда, атақ- даңқтары жер жарған, жеңістен жеңіске жетіп отырған? Қайда сол Намрудтар, Перғауындар, Харұндар, Парсылықтар, Әбу Жәхилдер мен Әбу Ләхабтар қайда кетті олар? Олар келмеске кеткен жоқ па? Олар өздерінің жауhардай сарайларынан, тас қараңғы суық қабірге ауысқан жоқ па? Мамық және жылы төсектерінен, қатты жерге ауысқан жоқ па? Өздері сол құрт-құмырсқаға жем болмады ма, сондай ең керемет тағамдармен тамақтансада? Неге олардың дүние-мүліктері, жора-жолдастары, бал��-шағалары өлімнен құтқарып қала алмады? Қадірменді мұсылман бауырлар ешкім бұл дүниеде тұрақтап қала алмайды. Біз тек өзімізге берілген уақытты ғана өмір сүреміз. Біздің уақытымыз келеді, біздің де кезегіміз келеді және бұл уақыт алыс емес. Сондықтан да бізде өлімге дайындалудан басқа амал жоқ. Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің хадистерінің бірінде былай деп айтты: «Бұл пәниде өзіңді жарт-жұрттық секілді сезініп өт. Және де өзіңді жолаушымын деп біл, әрі өзіңді қабірде жатқандардың қатарында сана!». [Қр. Бұхари «Рияд ас-Салихин», 2 том: 13 №576] Осы хадисті жеткізген Ибн Омар, Алла оған разы болсын, оның айтқандарын бұлжытпай орындап, және Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтты: «Түнге қалсаң таңды күтпе! Таңды атырсаң кешті күтпе! Денсаулығың болса, ауырмауға әрекет жаса, өміріңді өлімге дайындық деп есепте. Және ешқашанда уақытыңды зая кетірме». [Қр. Бұхари «Рияд ас-Салихин», 2 том: 13 №576]
Сонымен, сен бауырым бұл өмірде тек жолаушысың. Және сен де басқалар сияқты кетесің бұл дүниеден. Мүмкін сенің өлгенде орайтын кебінің дайын тұрған да шығар. Сенде жерге көмілетіндігіңді білесің бе?! Сенің мекенің қабір болады. Ол сенің денең мен сүйектерің шіритін қабір. Кейін сен қайта тірілесің де, махшарда жиналып, есеп бересің. Сенің соңғы мекенің, не Жәннат, не Тозақ болады. Ал, сен Жәннатта қалуға тырыс. Ажал мен есеп беруден ешкім құтылмайды. Қанша уақыт өмір сүрсеңде бәрібір өлесің. Кімді сүйсең де бір күні одан міндетті түрде айырыласың. Сенің бай-дәулетің қанша көп болса, сен онымен де қош айтысасың. Шаңның түйіріндей не жақсылық не жамандық жасасаңда оны міндетті түрде сен көресің. Оған еш күмәнің болмасын бауырым! Алла Тағала Құранда айтқан:
اقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ مَّعْرِضُونَ
«Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды [Қиямет күні]. Алайда олар қаперсіз бет бұруда». [Әл-Әнбия 21/1 аят]
وَجَاءتْ سَكْرَةُ الْمَوْتِ بِالْحَقِّ ذَلِكَ مَا كُنتَ مِنْهُ تَحِيدُ
«Өлім есірігі шындықты келтірді. «Одан қашушы едің» [деп адамға айтылады]. [Қаф 50/ аят] Бауырлар, есеп күні жақын. Бізде кетеміз басқалар сияқты. Біздің қалатындай не күшіміз не жағдайымыз жоқ. Сондықтан да біздің соңғы деміміз таусылмай тұрғанда, біздің бетімізді өлімнің боздағы баспай тұрғанда, бізді кебінге орап жаназамызды шығармай тұрғанда, әр-қайсымыз соңғы ақтық сапарға дайын болу керекпіз. Біздің ең керемет жетістігіміз бұл тақуалық екенін естен шығармау керекпіз:
إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ مَفَازًا
«Негізінде тақуалар үшін құтылу бар». [Ән-Нәбә 78/31 аят] Кейбір адамдарды кебінге орамай мұсылманша жаназасын шығармай қайтыс болатындығын және біз олар сияқты өлуден сақтануды естен шығармаған жөн. Алланың алдындағы міндетімізді лайықты түрде орындап және Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салып кеткен жолдан таймау керекпіз. Мәңгі өмірдің нығыметіне тек осы өмірде ғана қол жеткізуге және оған тек Исламды толық ұстанған шынайы мұсылман болып қана қол жеткізетінімізді білу және бұл өмірде амал бар есеп жоқ, ал арғы өмірде есеп бар да амал жоқ екенін ұмытпа. Құтпамды жерлеу болып жатқанда, қасынан өтіп бара жатқан Әбу Хурайраның, Алла оған разы болсын, былай деп айтқан сөзімен аяқтағым келеді:
«Кетебер, және бізде сенің артыңнан барып қаламыз». [Қр. Иһья «Китаб әз-зикр ил маут уә мә б`адаху», 10 том]
Автор: Имам-хатыб Омар Озтоп Кітап: «Жыл сайынғы әр аптаның 52 жұмалық уағызы» Дереккөз: http://ift.tt/2qOZUOd Аударған: darulahnaf.com
from Blogger http://ift.tt/2pQ2LZ3 via IFTTT
0 notes
darulahnaf · 8 years
Text
Күпірліктен сақтандыратын Сүннеттен алынған дұға.
Сұрақ: Әссәламуғәләйкум. Күпірліктен сақтану үшін қандай дұға оқыған жөн?
Жауап:
Уағалейкум сәләм уа рахматуллаһи уабаракатуһу
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Сахабалар (رَضِيَ اللهُ عَنْهُم), Пайғамбарымыздың ﷺ намаздан кейін мына дұғаны оқығанын жеткізген:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ، وَعَذَابِ الْقَبْرِ
Дыбысталуы: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә минәл куфри уәл фақр, уәл ‘азабил қабр»
Аудармасы: «Иә, Алла! Шын мәнінде күпірліктен, пақырлықтан және қабір азабынан сенен пана тілеймін!»
[Насаи, 1347 — хадис]
Бұл дұғаны әрбір парыз намаздарынан кейін оқыған жөн. Ин шәә Алла, осы дұғаның себебімен адам күпірліктен құтылады.
Сондай-ақ ғалымдар азаннан кейін дұға оқитын адамның иманды болып өлетіндігін айтқан. Бұл Пайғамбарымыздың ﷺ азаннан кейін дұға оқыған адамға шапағат ететіндігін уәде еткендігімен түсіндіріледі.
[«Сахих әл- Бұхари» 614 хадис, Абдулла ибн Масғуд жеткізген]
Пайғамбарымыздың ﷺ иманды болып өлген адамға ғана шапағат ететіндігі белгілі. Сондықтан, осы дұғаны азаннан кейін оқи отырып адам өзіне жанама түрде, ин шә Алла иманды болып өлуін қамтамасыз етеді!
Азаннан кейін оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلاَةِ القَائِمَةِ آتِ مُحَمَّدًا الوَسِيلَةَ وَالفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًا الَّذِي وَعَدْتَهُ
: «Аллаһуммә Раббә һәзиһид дағуәтит тәәммәһ, уәс соләатил қаа-имәһ, әәти Мухаммадә әл — уәсииләтә уәл фадыләһ, уәб’асһу мақамам махмуда әлләзи уә’әдтәһ»
Аудармасы: «Иә, Алла, бұл мінсіз дағуат пен бекітілген ғибадаттың Қожайыны! Мұхаммедке ﷺ уәсилә (шапағат) бер және оны рақым ет. Сондай-ақ оны Өзің уәде еткен, ерекше мақтаулы дәрежеге көтер!»
Алла жақсырақ білуші.
Муфтий Сухайл Тармахомед әл-Ханафи
Жамиат-ул Улама, Дар ул-Ифта
Дерекнама: askimam.ru
from Blogger http://ift.tt/2nVMpLd via IFTTT
0 notes