Tumgik
#қазұу
infodemic-kz · 2 years
Photo
Tumblr media
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасын өткізеді. Олимпиада жеңімпаздары ҚР БҒМ І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес, ЖОО-ға түсу кезінде басым құқыққа ие болады. Сонымен қатар жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға ҚазҰУ гранты табысталады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 1-ші және 2-ші кезеңдер on-line түрде www.kaznu.kz сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия. Олимпиадаға тіркелу 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында http://online-test.kaznu.kz сілтеме арқылы онлайн түрде жүргізіледі. Байланыс телефоны: тел.: 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 33-66 #қазұу https://www.instagram.com/p/CbmYGxcA36s/?utm_medium=tumblr
0 notes
ronin437 · 4 years
Text
«ӘЛ-ФАРАБИ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ
Мэриленд қаласында (АҚШ) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Америка өркениеттер алмасу және Ынтымақтастық Қоры (ӨЫАҚ) арасындағы өзара уағдаластық бойынша ғылыми-білім беру орталығы құрылады.
Бұл өркениеттердің ұлы философы әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиға болмақ.
Орталық Қазақ ұлттық университеті атына лайық адамзаттың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алтын энциклопедиялық мұрасын ілгерілету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі бірегей халықаралық алаңға айналады.
Өркениеттер алмасу және ынтымақтастық қорының басты миссиясы әртүрлі конфессиялар мен Мәдениеттер халықтарының арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қор басшысы Мохамад Башар Арафат атап өткендей: "осы тұрғыдан алғанда, әл-Фарабидің рухани мұрасына жүгінудің қазіргі әлемде, әсіресе пандемия жағдайында және әлемдік экономика мен саясаттағы терең өзгерістер жағдайында маңызы зор. Әл-Фарабидің ілімі ізгілікті және кемелді қоғамға қол жеткізу үшін бірігу және ынтымақтастық идеяларын жүзеге асырады және олар әлем жаңа қауіп-қатерлермен бетпе-бет келген кезде бүгінгі күні ерекше өзекті болып табылады".
Жақында ҚазҰУ Джордж Вашингтон атындағы Америка университетімен бірлесіп, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ұлы ойшылдың мерейтойына арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді. Университет әлемнің түрлі елдерінде әл-Фарабидің 12 орталығы мен үйін құрып, белсенді жұмыс істеуде. Мұндай Орталық Америкада алғаш рет ашылады.
АҚШ-та "әл-Фарабидің" алғашқы орталығын ашу туралы уағдаластық адамзат ойшылының тұлғасына деген жоғары құрметтің және оның гуманистік мұрасына ерекше қызығушылықтың белгісі ретінде бағаланады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белсенді халықаралық қызметі, оның америкалық серіктестермен тиімді өзара іс-қимылы Мэрилендтегі "әл-Фараби" орталығына Ұлы философтың мұрасын еліміздің бренді ретінде, сондай-ақ Жердің батыс жарты шарындағы Қазақстанның тілі мен мәдениетін зерделеу мен ілгерілетудің озық орталығы болуға мүмкіндік береді.
Атаханова Гульзагира Махатовна. к.ю.н., и.о.профессора
Ескермес Арайлым
Абдибеков Арманжан
Курман Али
Алимов Дархан
Раимкулов Айдос
1 note · View note
zhanalyktar-almaty · 3 years
Photo
Tumblr media Tumblr media Tumblr media
30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Jas Otan Cases» жастар сессиясы аясында "Елдіктің жеті тұғыры " атты кездесу өтті. ⠀ Кездесуге спикер ретінде Алматы қалалық маслихат депутаты-Асия Айқанқызы Аканова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі -Искакова Мадина Қанатқызы, Болашақ бағдарламасының түлегі-Думан Құрманғазыұлы қатысты ⠀ Ашық алаңда спикерлер мен жастар Тәуелсізіктің басты жетістіктері, Елбасы жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы және олардың жеке қалыптасу тарихтары туралы сөз қозғады. Кездесудің соңында сөз алған Думан Құрманғазыұлы Мәңгілік Елдің тұғырлы болуы сапада екенін түсіндіре отырып, жастардың, әрбір Қазақстандық азаматтың өз ісін сапалы жасағаны біздің Мәңгілік Елдің дамуына өз үлесін қосқаны екенін түсіндірді. Сондай- ақ, әрбір жасқа қандай жұмысты қолға алса да сапалы нәтижеге жету керектігін түсіндіріп #sapaly_qazaqstan челленджін жолдады.
0 notes
mangistauoblisipd · 3 years
Photo
Tumblr media
МАҢҒЫСТАУДА ТУҒАН ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛ - СЕРІК ШАЛАБАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ҚОЛЫНАН ШЕН АЛДЫ Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудың тумасы Серік Рысқалиұлы Шалабаевқа 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - генерал-майор атағын берді. Серік Рысқалиұлы 1965 жылы Маңғыстау облысы, Таушық ауылында дүниеге келген. 1992 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ бітірген (Әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ). Үйленген, 3 баласы бар. Прокуратура органдарында 1992 жылғы шілдеден бастап Ақтау қаласы прокурорының – көмекшісі, Ақтау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, облыстық прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға прокурор, Маңғыстау облысы прокуратурасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. 1995 жылғы желтоқсаннан 1997 жылғы мамырға дейін Маңғыстау облысының Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар, Ақтау, Ақмола гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Бас прокуратура Аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық, Ұйымдастыру-бақылау, Ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту басқармаларының бастығы, Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменті бастығының орынбасары, Алматы және Атырау облысы прокурорының орынбасарлары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының проректоры қызметтерін атқарған. 2019 жылғы 26 наурыздан бүгінге дейін – Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы. #МаңғыстауоблысыПолициядепартаменті #АқтауҚПБ #МаңғыстауАПБ #БейнеуАПБ #ТүпқарағанАПБ #ЖаңаөзенҚПБ #МұнайлыАПБ #ҚарақияАПБ  #ДепартаментполицииМангистаускойобласти #БактыбаевЖанарбек #ЖанарбекБактыбаев #ҚРІІМ #МВДРК #ДПМО #УПЖанаозен #ОПМунайлы #ОПКаракия #ОПМангистау #ОПТупкараган #ОПБейнеу #Мангистаускаяобл https://www.instagram.com/p/COlKSfksd7N/?igshid=1rr68m3t97bcm
0 notes
araizh-blog1 · 6 years
Photo
Tumblr media
ТАҒЫЛЫМДЫ ДƏРІС немесе тың формацияның маңызы Бүгін əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттеріне «Шетелдік журналистика» пəні аясында Мичиган мемлекеттік университенінің профессоры, «Пулитцер» сыйлығының иегері, белгілі журналист Эрик Фридман дəріс өткізді. Дəріс барысында алпауыт АҚШ-тың тарихына, президенттерінің еңбектеріне жеке тоқталып өтті. Сондай-ақ, онлайн хабар арқылы Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің болашақ тілшілерімен тілдестік. Аталған дəрісте мəн-маңызы айрықша гендерлік саясат, мінбердегілердің халықпен қатынасы жəне құлиеленушілік жағдайына баса назар аударылды. Бүгінде ақ жəне қара нәсілді адамдар арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі, бір бағытта өрбімеуі жаһандық мәселе. Мысалы, 45 президент ішінен тұңғыш рет қара нəсілді адамның, яғни Барак Обаманың басшылыққа келуі халық арасында үлкен резонанс тудырған еді. Профессор Эрик Фридман жүргізген риясыз əңгімеден түйгеніміз толассыз. Нəсілдер арасындағы байланыс бейбіт қатынастан аспауы қажет. Қазіргі таңда адамзат баласын жаңа формацияға бағыттауға көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты құлиеленушілікпен күрес жəне гендерлік білімнің маңызы артуда. Сөз соңында, нəсілдер мəселесі – қоғамдағы тірі жан теңдігіне қол жеткізу, ұлттық жəне ұлтаралық мəселелерді шешу, əрі тұтастықты сақтау. ХХІ ғасырдағы жаңа даму кезеңдеріне сай барша адамзат бейбіт аспан астында өмір сүруге құқылы. Мəні айрықша дəрістер саны арта берсін демекпіз! Арай ЖҰМАТАЙ
0 notes
infodemic-kz · 3 years
Photo
Tumblr media
#Қожакеевоқулары Ұстаз. Ғалым. Зерттеуші. Сатира сардары. Талапшыл декан. Әділ басшы. Мықшеге. Ол, әрине Темірбек ағай. Бүгін ұстаздың 95 жылдығына арнап өткен конференцияда ұстазын сағынған шәкірттері, замандастары бас қосты, еске алды, құнды мұрасын зерделеді. «Темірбек Қожакеевтің туғанына 95 жыл толуына орай оқулары аясында өтетін «ТЕМІРБЕК ҚОЖАКЕЕВТІ�� САТИРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕБИ МҰРАСЫ: ТАНЫМ МЕН ТАЛҒАМ ТАБИҒАТЫ» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті. «Қожакеевтің құнды қазынасы» атты бас баяндаманы Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы, Ермахан Шайхыұлы жасады. Баяндамашы ұстаздың сатиралық мол мұрасынан бастап, қазақ баспасөзі, алаш көсемсөзін зерттеудегі ерен еңбегін саралап атап айтты. Сөз кезегін сатирик Толымбек Әлімбек, ақын, ғалым Бауыржан Жақып, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Бейсенқұлов Аязби, сатирик, Жамбыл радиосының жетекшісі Бақытжан Советұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Нұрлан Қалқа, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберге, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Гүлнар Өзбекова, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Әшірбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Римма Жақсылықбаева ұстаз, ғалым, басшының өмірі, қызметі, шығармашылығының әр қырын ашатын әрі ғылыми, әрі естелік форматында баяндамаларын жасады. Соңғы жылдары ұстаздың оқуларына Жамбыл облысы Меркі ауданы, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін орта мектеп-гимназиясының "Қожакеевтанушылар" клубының мүшелері белсене қатысып жүр. Қожакеев отбасы тағайындаған шәкіртақыға публицистика, ғылыми жұмыс және мультимедиалық жобалар номинациялары бойынша 9 студенттік жұмыс лайықты деп саналды. Шәкіртақы иегерлерін құттықтаймыз! Ұстаздың аты да, хаты да өлмейді! https://www.instagram.com/p/Cbie8MQg6GG/?utm_medium=tumblr
0 notes
infodemic-kz · 3 years
Photo
Tumblr media
ҚазҰУ. The Library кофеханасы ашылды. https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/27657/ https://www.instagram.com/p/Caqul9_tzw8/?utm_medium=tumblr
0 notes
araizh-blog1 · 7 years
Photo
Tumblr media
ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ МАГИСТРЛЕР БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ПІКІРТАЛАСҚА ҚАТЫСТЫ Тұрақты даму саласы (MDP) бойынша білім алып жатқан бір топ магистрлер және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер орталығының студенттері Қазақстан Президентінің тарихи сөз сөйлеуіне куәгер болу үшін Нью-Йоркке шақырылды. 2018 ж. 18 қаңтарда Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау туралы баяндамасын оқиды. Бұл баяндама Қазақстан Республикасы үшін тағы бір тарихи оқиға болып табылатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіне теңестірілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қатысушы студенттер Нью-Йоркке оқу үдерісі бойынша, яғни, Колумбия университетімен (SIPA) алмасу бағдарламасы келісімшарты аясында келді. Он күндік сапар барысында олар бірнеше пәндер бойынша жетекші тәжірибелі мамандар мен ғалымдардан дәріс алады. Ақпарат: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі. Жарғыға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толықтай жауапты. БҰҰ ҚК 15мүше мемлекеттер бар және әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Жарғыға сәйкес барлық мүше мемлекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындауға міндетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз Орталығы
0 notes