Tumgik
#дәстүр
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
Махаббат дегеніміз, алла тағала сізге "мен бүкіл бәрін сен үшін жараттым" дегенде, сіздің оған "о ием, сіз үшін мен бәрін тастадым" деуіңіз болмақ. Жалғызсырамаңыз, себебі бүкіл әлем өз ішіңізде. Махаббат сізбен бүкіл барлығын жалғайтын көпір. Сіздің жүрегіңізбен менің жүрегім өте ескі достар. - МӘУЛӘНӘ РУМИ ӘУЛИЕ ماحاببات دەگەنىمىز، اللا تاعالا سىزگە "مەن بۇكىل ءبارىن سەن ءۇشىن جاراتتىم" دەگەندە، ءسىزدىڭ وعان "و يەم، ءسىز ءۇشىن مەن ءبارىن تاستادىم" دەۋىڭىز بولماق. جالعىزسىراماڭىز، سەبەبى بۇكىل الەم ءوز ىشىڭىزدە. ماحاببات سىزبەن بۇكىل بارلىعىن جالعايتىن كوپىر. ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىزبەن مەنىڭ جۇرەگىم وتە ەسكى دوستار. - ءماۋلانا رۋمي اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссуи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/tanirtaw https://www.instagram.com/p/Cltkre7yWbG/?igshid=NGJjMDIxMWI=
2 notes · View notes
kazachskie-imiona · 1 year
Text
Атын кім береді? Ана, әке немесе ата?
Tumblr media
Әдетте қазақ елінде балаға есімді анасы немесе әжесі қояды. Дәстүр бойынша балаға ат үш күн ішінде қойылуы керек.
1 note · View note
fydtgusf · 6 months
Text
Мектепке ұсыныс. Ассалаумағалейкум қадірлі халқым, қазағым! Мектепке ұсыныс әңгімемде ата-аналардың балабақшадан бастап балаларының миын ашыту әрекетін, яғни осы жастан бастап ағылшын, орыс тілін үйрету арқылы ми ашыту әрекетін тоқтатуды және балаларымызға балабақшадан бастап бесінші сыныпқа дейін тек ана тілінде, яғни қазақ тілінде білім алуы керектігін айтпақпын. Балабақшадан бастап халқымыздың салт-дәстүр, атап айтқанда “Дәстүр” сабағын оқыту керек. Ал, бесінші сыныптан бастап ағылшын және басқа тілдерді, жетінші сыныптан бастап аптасына бір рет дін сабағын оқыту керек. Осылайша, он бірінші сыныпқа дейін пән сабақтарын, ал он бірінші сыныпта оқушыларға кәсіби мамандық сабақтарын өту керек. Мысалға айтқанда, ер балаларға жеңіл көлік жүргізу, еуро жөндеу, электр-газ дәнекерлеу, құрылыс жұмыстарын игеру мамандықтарын үйрету керек. Қыздарға: тігін тігу, кондитерлік, шаштараз және тағы басқа. мамандықтарды үйрету арқылы жастарымызды жұмыспен толық қамтуға мүмкіндік болады. Осы оқыту әдісін көрші ел өзбектер әлдеқашан игерген. Соның салдарынан өзбектің 17-18 жасар азаматтары Қазақстанға келіп, жұмыс жасап, ақша тауып жүр. Ал, біздің сол қатарлы жастарымыздың мамандықтары болмағандықтан, мектепті бітіргеннен кейін еліміздегі жұмыссыздар қатарын толықтырып, бос сенделіп жүреді. Құрметті халқым, қазағым! Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін оқу министрлігіне арыздануларыңызды өтінемін. Жоғарыда айтылған ұсыныстар орындалса, қаңтар оқиғасындай жағдайлар болмас еді. Құрметті халқым, жастарымызды әдепті, білікті болуға тәрбиелейік. Еліміз тыныш, халқымыз аман-сау болып, өсіп-өркендеуіне тілектес болып әрекет етейік деген игі тілекпен Аман ата Сарағаштан.
0 notes
aqparaq · 2 years
Text
рәсім — салт, дәстүр
0 notes
darulahnaf · 7 years
Text
Әйелдің бостандығы жөнінде адасу. 3-бөлім
Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани
Қажеттілік бойынша үйден шығуға рұқсат етіледі 
Сұрақ туындайды. Әйел адамда өзінің адами қажеттіліктері бар, сол себебпен оған үйден шығуы керек болуы мүмкін. Оның туысқандарының жағдайын білу және басқа да жеке мұқтаждық үшін немесе анда-санда – демалып, күшін қайта қалпына келтіру үшін үйден шығуы керек болады. «Өз үйлеріңде қалыңдар» бұйрығы әйелдер үйде қамалуы керек дегенді білдірмейтінін түсіну керек. Әйелге егер қажеттілігі болса және белгілі шарттар сақталса, шығуға құқығы бар. Әдетте, қыз ата-анасымен бірге тұрады, ал некеден кейін оған деген жауапкершілік күйеуінде болады. Әйелде не күйеуі, не ата-анасы жоқ болған жағдайда, оған үйден кетуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, әйел рұқсат етілген демалыс үшін үйден кете алады. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша анамызды, Алла оған разы болсын, үйден шығарғаны белгілі.
  Айша да шақырылған ба? 
Хадистердің бірінде айтылған, бір күні сахаба Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мерекеге шақырған. Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сұрады: «Айша да менімен бірге шақырылды ма?». Формальдылық ол кезде сақталмаған болатын, сол себепті сахаба сұраққа теріс жауап берді. Сол кезде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұны Айшасыз жасай алмайтынын айтып, шақыртуды қабылдаудан бас тартты. Біршама уақыттан кейін, сол сахаба Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қайтадан шақырды, Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша шақырылды ма деп қайтадан сұрақ қойды, ал сахаба тағы да жоқ деп жауап берді. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шақыртуды қабылдаудан бас тартты. Біршама уақыттан кейін сол сахаба Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қайтадан шақырып, шақыртуын қабылдауын талап етті. Ал Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол «Айша менімен бірге шақырылды ма?», –деген, сұрағын қайта қойды. Бұл жолы сахаба «Иә Аллахтың Елшісі» деп жауап берді. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шақыруды қабыл етті.
  Пайғамбардағы тұрақтылықтың себебі 
 Бұл амалдың себебі хадисте ескерілмеген, бірақ кейбір ғалымдар айтқан, мұндай мінез-құлықтар толығымен Ардақты Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тән емес, – оны, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қонаққа шақырғанда Айшаны, Алла оған разы болсын, өзімен алып жүру үшін табандылық танытпады және ол ешбір шартсыз шақыртуды қабылдады. Кейбір ғалымдар бұл нақты сахаба Айшаға, Алла оған разы болсын, жамандық жасаған және Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаның оған деген қарым-қатынасын өзгертуін қалаған деп есептейді. Сол себепті Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша, Алла оған разы болсын, өзімен бірге шақырылуы үшін бірнеше рет шарт қойған.
  Әйел рұқсат етілген демалысқа мұқтаж 
Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Мединаға жақын жердегі мерекеге шақырылды. Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолға Айшамен, Алла оған разы болсын, бірге шықты және жолда ашық бос тұрған орынды тапты. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айшамен, Алла оған разы болсын, жүгіру жарысын ұйымдастырды. Бұл жүгіру пурданың сақталу шартымен Исламда рұқсат етілген сауық түріне жатады және айналасында бөтен адамдар жоқ болатын. [Қр. Әбу Дауд, № 2578 хадис].
  Өзін әсемдеп және өз сұлулығын көрсетіп үйден шығуға тыйым салынады 
Шариғат әйелге қажеттілігі бойынша үйден шығуға рұқсат етеді, егер пурданың барлық шарттары сақталса және әйел өз сұлулығын көрсетпес үшін барлығын жасаса. Осыған байланысты Қасиетті Құранда былай деп айтылған:
وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ ٱلْجَـٰهِلِيَّةِ ٱلْأُولَىٰ
Бұл аятта әйел қа��еттілігі бойынша үйден шығарда, Исламға дейінгі надандық уақыттағы әйелдер тәрізді, өзін әдемілеп және өз сұлулығын көрсетпеуі керек екендігі айтылған. Ешқашан айналадағылардың көңілін аударту үшін өздеріңді әдемілемеңдер. Сізге хиджабта шығу керек – яғни денені кең киіммен жабу. Біздің уақытта бурка (жамылғы) кең таралған, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уақытында басынан аяғына дейін барлық денені жабатын бір кесек матаны киген. Қысқаша айтсақ, әйелге қажеттілігі бойынша шығуға болады, бірақ пурданы сақтау бұйрығы, көшеге жамылғысыз шығудың мүмкін зардабын болдырмас үшін жіберілген.
  Пурданы сақтау бұйрығы тек Пайғамбардың әйелдеріне ғана қатысты ма? 
Кейбіреулер Құрандағы пурданы сақтау бұйрығы тек Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне қатысты сияқты, бірақ толығымен барлық әйелдерге емес деп айтуда. Өз пікірін мына аятқа негіздейді [Қр. Ахзаб 33/33 аят]. Бұл ұстаным дәстүр және ақыл тұрғысынан дұрыс емес. Өйткені бұл аятта көптеген бұйрықтар бар, мысалы:
  وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ ٱلْجَـٰهِلِيَّةِ ٱلْأُولَىٰ 
Мағына: «Көшеге надандық кезіндегі әйелдер сияқты өздеріңді әсемдеп шықпаңдар».  Бұл бұйрық Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне ғана қатысты, ал үмметтің қалған әйелдеріне қатысты емес пе? Демек оларға Исламға дейін надандық кездегі әйелдер жасағандай өзін әсемдеп, өз сұлулығын көрсету үшін шығаруға анық рұқсат етілген бе? Әлбетте, бұл бұйрық барлық әйелдерге қатысты. Бұдан әрі аятта келесідей бұйрықтар жалғасады: «وَأَقِمْنَ ٱلصَّلَوٰةَ / намаз оқыңдар». Намаз оқу бұйрығы да барлық әйелдерге қатысты емес пе? Әрі қарай: «وَءَاتِينَ ٱلزَّكَوٰةَ / міндетті зекетті төлеңдер». Бұл да тек Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне ғана қатысты ма? Тағы да бір бұйрық: «وَأَطِعْنَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓ / және Аллаға және Оның Елшісіне бағыныңдар». Бұл Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінен басқа әйелдерге қатысты емес пе? Аяттағы мазмұн бұйрықтардың жалпы сипатқа ие екендігін анық көрсетеді. Алайда аят Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне тікелей арналған, ал үмметтің барлық әйелдеріне жанама түрде жолданған.
  Олар тақуа әйелдер болған 
Пурданың барлық жүйелері пурда сақталмаған жағдайда, қоғамда болуы мүмкін күнәлардың алдын алу үшін бағытталған. Әлдекім сұрауы мүмкін, егер Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдері үйден кетіп қалған кезде ғана күнә мен бүліктің қаупі бар ма? Алла бізді кешірсін, бұл мүмкін емес, өйткені дүниеде олардан да тақуа және салиқалы әйелдер болған жоқ. Шындық мынада, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне бұйрықпен жолдау барлық қалған әйелдерге де қатысты, өйткені олар жақтан қателік пен адасудың болуы көбірек ықтимал. Пурданы сақтау бұйрығы барлық әйелдерге қатысты Тағы да мұсылман үмметтің барлық әйелдеріне жолданған аят бар:
  «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِىُّ قُل لِّأَزْوَ‌ٰجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَآءِ ٱلْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَـٰبِيبِهِنَّ» 
[Қр. Азхаб 33/ 59 аят]
 Мағынасы: «(Әй Пайғамбар!) жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеншіктерін орансын».  Бұдан да анық бұйрық болуы мүмкін емес. «جلابيب» (жәлябиб) сөзі — «жильбаб» – тан шыққан көпше түр, бұл әйелдер өзіне барлық денесі жабық болатындай киіп алатын жамылғы дегенді білдіреді. Оның үстіне, Құрандағы бұйрық денені жильбабпен жабу бұйрығынан ғана тұрмайды. «يدنين» сөзі (юдниин) жильбаб бетті жабу үшін алдыңғы жақтан жамылу керектігін көрсету үшін қолданылады. Бұдан артық бұйрық болуы мүмкін бе? Пурда ихрам жағдайында Сіз қажылық кезінде әйелге бетін матамен жабуға болмайтынын білесіз. Ер адамға басын, ал әйелге бетін жабуға болмайды. Қажылық уақыты келгенде Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қажылыққа өз әйелдерімен аттанды, содан қалай ету керек деген сұрақ туындады, себебі пурданың қажеттілігі жайында бұйрық болды, ал екінші жақтан ихрам жағдайында әйелге бетін жабуға болмайды. Аиша, Алла оған разы болсын, айтты: «қажылықты түйенің үстінде отырып жасадық, айналамызда бізді көретін бөтен ешкім болмағандықтан бетіміздегі жамылғыны шештік, сосын маңдайымызға ағаш құрылысын қойдық, бөтен адаммен және керуенмен кездесе қалған жағдайда, оның сыртынан жамылғыны жабуға болатындай ету үшін және ол бетімізге тимеді, сөйтіп пурданың ережелері тіпті ихрам жағдайында да сақталды». [Қр. Әбу Дауд, №1833.]
  Әйелдің пурданы қатаң сақтауы 
Әбу Дәудтің хадистер жинағында айтылады, бір әйелдің ұлы Пайғамбармен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа кетті. Ұрыстан кейін, одан басқасының барлығы үйге оралды. Қорқыныш пен алаңдаушылықта ол Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қарай, өзінің ұлы жайлы сұрау үшін жүгірді. Сахаба оған ұлының шахидтің өлімімен мерт болғанын айтты. Әйел баласының өлімі жайлы естіген кезде, бұл оған үлкен қайғы болды. Дегенмен ол бұл жаңалықты басынан жанқиярлық пен шыдамдылық көрсетіп өткізді. Біреу сұрады: «Әй әйел сен Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үлкен қайғы мен мұң күйінде бардың, бірақ сен сонда да бетіңе жамылғы жауып, тіпті қиын сәтте де пурданы сақтауды тоқтатпадың». Сол кезде бұл батыл әйел жауап берді: «Шын мәнінде, менің ұлым өлді, бірақ менің ұяттылығым мен ибалылығым тірі». Тіпті осындай қиын сәтте де бұл сахаба әйел бұйырылған ережені қатаң сақтады. [Қр. Әбу Дауд, № 2488.]
  Келемежге назар аудармаңыздар 
Ұлы Алла Құранда пурданы сақтауды бұйырды, Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұны хадисте егжей-тегжейлі үйретті, ал оның әйелдері мен сахаба әйелдер өз мысалдарымен, бұл бұйрықты қалай орындау керек екенін көрсетті. Біздің заманда Батыста мұсылмандар өз әйелдерімен қарым-қатынаста қаталдықпен – оларды төрт қабырғада қамап, жамылғы астында ұстаған дегенге сәйкес, Исламға қарсы насихаттау бойынша науқан ісін бастады, сөйтіп мұсылмандарды келемеж суреттің кейіпкерлеріне айналдырды. Қалайша біз батыстың мазағынан және оның насихаттауынан қорғанамыз деп, Алла Тағала мен Оның Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығын қалдыруымыз керек? Есте сақтаңыздар, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үйреткен өмір салты – ақиқат және дұрыс болып табылады деген сенімділікті өз жүрегімізде дамытуымыз керек. Бізге біреудің қорлауы мен мазағы әсер етпеуі керек. Мұндай мазақ пен қорлық мұсылман үшін жаңалық емес. Мұның барлығы адамзатқа нұсқау үшін келген Алланың пайғамбарларына да дыбысталды. Олар және олардың ізбасарлары да қорлыққа ұшыраған – оларды, басқа адамдарды өмірдің игілігі мен рақаттылығынан айыруды қалайтын артта қалған, жетілмеген және ескі сәнді адамдар деп атаған. Пайғамбарлар, Алланың сәлемі болсын оларға, осы қорлық пен қиындықтардың барлығында бастарынан кешірген. Сіздер пайғамбардың мұрагерлері ретінде олардың қатынастарын қорлық пен мазақ деп, ал қалғандарының барлығын мұрагер тәрізді қабылдаңыздар. Егер сізде Аллаға және Оның Пайғамбарына, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сенім болса, сіз бұл мазақты шыдамдылықпен, қуанышпен көтеруіңіз керек.
  Сізді бәрібір үшінші сорттың адамы деп есептейтін болады 
Егер сіз осы барлық мазақ пен қорлықтың қысымына берілетін болсаңыз және Батыс ұсынған және қалағанды істейтін болсаңыз сізді бәрібір үшінші сорттың азаматы деп есептейді және солай бола береді. Сіз шынымен де, егер пурдаға қатысты қатынаста оларға бағынатын болсаңыз және Батыс қалағандай әйелдерге үйден тыс жұмыс пен басқа істердің пайдасына өз үйлерінен кетуге мүмкіндік берсеңіз, олар сізді өздерімен тең қабылдап және өздерінде бар құрмет пен құқықты сізге береді деп ойлайсыз ба? Жоқ, ондай болмайды. Сізді бәрібір артта қалған адамдар, фундаменталшы және прогресстің ескі қарсыластары деп есептейтін болады. Нәтижесінде сізге үшінші сорттағы адамдар ретінде қарайтын болады.
  Ертең оларға күлетін біздің кезек келеді 
Егер сіз олардың қорлығы мен мазағын елемейтін болсаңыз, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және оның салиқалы әйелд��рінің жолымен жүруді нақты шешсеңіз, күмәнсіз оларды келеке ететін күн де келеді. Құранда айтылған:
  «فَٱلْيَوْمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مِنَ ٱلْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ • عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ» 
Мағынасы: «Ал енді мүміндер кәпірлерге күледі. Олар тақтардың үстінде қарайды». [Қр. Мутаффифин 83/34-35 аяттар.]  Имансыздар мұсылмандарды келеке етіп қорлады, әсіресе мұсылмандар олардың жанынан өткен кезде. Мына аятта, егер Алла қаласа, келесі өмірде имандылар салтанатты отырған орындарынан оларды бақылап, имансыздарды келеке ететін болады. Ақырғы есепте бұл өмір өте қысқа. Имансыздар мұсылмандарды қанша келеке еткенмен, олар осы уақытша өмірді тастаған кезде ақиқатты білетін болады. Жетістік пен ұлылыққа апаратын жалғыз жол, біз үшін – бұл Алланың Ардақты Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы жіберген жолымен жүру, өйткені осы жол ғана жетістік пен құтылудың шынай кепілдігі болып табылады.
 Ұлылық — Исламда 
Кімде-кім Шариғат заңдарымен жүруді қатаң шешсе, дүниеден қадір мен құрметті алатын адам бар. Шынай ұлылық Исламды қабылдауда және онымен жүруде болып отыр, ал онымен журуден бас тартуда емес. Хазірет Омар Фаруқ, Алла оған разы болсын, былай деп айтқан: «Алла бізді Исламмен биіктетті (яғни, дәрежемізді көтерді). Егер біз Исламды тастасақ, Алла бізді төмендетеді (яғни, кемсітеді)». 
 Ол сақалдан да және жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылды 
 Менің бір үлкен туысым маған өте ғибрат аларлық оқиғаны айтты. Оның досы Лондонда тұрған, ол жақта жұмыс іздеп, сұхбаттасуға барады. Онда сақал бар еді, содан сұхбатты жүргізген адам бұл қызметке оның кандидатурасы қарастырылатын болады, егер ол сақал қыратын болса деп айтады. Ол көңілі қалып кетеді және бірнеше күн бойы басқа орындарға жұмысқа тұруға тырысады, бірақ сәтсіз болады. Ең соңында өз сақалынан құтылуды шешеді. Сақалын қырып, оның кандидатурасын қабылдамаған жұмыс орнына барады. Жұмыс беруші оның келуінің себебін сұрады. Ол өткен күні оны енді қырып тастаған сақалы үшін жұмысқа қабылдамағанын айтып жауап берді. Содан екеуінің арасында келесідей мазмұндағы сұхбат болды: – Жұмыс беруші: «Сіз мұсылмансыз ба?» – Ізденуші: «Иә!» – Жұмыс беруші: «Сіз сақалмен жүруді міндетті немесе міндетті емес деп есептедіңіз бе?» – Ізденуші: «Міндетті деп есептедім, сол себепті сақалда жүрдім» – Жұмыс беруші: «Сіз сақалды Алланың бұйрығына бағынып өсірдіңіз, ал енді оны менің талабым бойынша қырып тастадыңыз. Бұл дегеніміз, сіздің Алланың алдында шынайы емес екендігіңізді көрсетті, кімде-кім Алланың алдында шынайы бола алмаса, онда ол өз бастығының алдында да шынайы бола алмайды. Сондықтан біз сізге енді жұмыс бере алмаймыз» Ол сақалынан және жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылды. Мұндағы мәселе сақалда емес, тәжірибеден көрінеді – әлдекім оны келеке ететіндіктен Алланың бұйрығына қарсы шықса, қағида бойынша осы өмірде де және келесі өмірде де зиянға ұшырайды. Мұндай әрекеттерде абай болып, сақтану керек. Сондай-ақ бет жабық болуы керек  Пурданың бұйрығы барлық дене, шашты қоса бастан аяққа дейін матамен, буркамен немесе кең көйлекпен жабылуы керек деп ұйғарады. Бетте пурдаға қатысты және ол да жабық болуы керек. Аятты түсіндіре келе: «يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَـٰبِيبِهِنَّ» Хазірет Абдулла ибн Масғуд, Алла оған разы болсын, айтқан, оның уақытында әйелдер матаны барлығы жабық болатындай бетті қоса, денені айналдыра ораған, көзден басқа және бұл пурданы сақтаудың дұрыс әдісі. Дегенмен аса қажеттілік жағдайында бет пен қолды ашуға рұқсат етіледі. Бірақ бұл ерекше шарттарға арналған жұмсақтық; нағыз пурданың қандай екені жоғарыда айтылып кетті. Жамылғы ер адамдардың ақылында  Біз пурданың бұйрығын қысқаша айтып өттік. Пурда тазалық пен имандылықты сақтау үшін қажет. Ер адамдарға пурданы сақтауды бұйыруға міндетті, ал әйелдер өз кезегінде оны сақтауға талпыну міндеті жатады. Ең өкініштісі, кейбір жағдайда әйелдерде пурданы сақтау қалаулары бар, бірақ ер адамдар оған кедергі жасап, үйден пурдасыз шығуға мәжбүрлейді. Аллахабадтан шыққан Акбар (Үндістандағы қалалардың бірі) ер адамдардың мұндай қарым қатынасын екі шумақты өлеңде өте жақсы сипаттап берді (мағынасы):
Кеше мен бірнеше әйелді жамылғысыз көрдім. 
Акбар өз халқы үшін ұят сезіміне толып түсті. 
Сіздердің жамылғыларыңызға не болды дегеніме, Жамылғы олардың күйеулерінің ақылын жапқан, деп олар жауап қатқан. 
Екі шумақты өлеңде айтылғандай, ер адамдардың ақыл-ой қабілеттіліктері әлсірегені соншалық, пурданы сақтауға оның өздері қарсылық көрсетуде. Алла бізді жаман ойлардан сақтасын және бізге Алламен және Оның Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы берілген үлгі бойынша біздің әлемді құруға және тиісінше өмір сүруге күш берсін. Әмин. Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани Дереккөз: darulfikr.ru Аударған: darulahnaf.com
from Blogger http://ift.tt/2ikozer via IFTTT
0 notes
dindestur-blog · 7 years
Text
Дін-Дәстүр
Хош келдіңіздер!
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
3 ҚҰДАЙ ЕЛЕСІНЕН ҒЫЛЫМ-ТЕХНОЛОГИЯҒА ЯҒНИ БІР ҮҢГІРДЕН ТАҒЫ БІР ҮҢГІРГЕ КІРУ Батыс 2000 жыл бойы шайтанның 3 құдай елесімен алданып келген еді, бертінде олар алданғанын біле бергенде, шайтан оларға "ғылым -технология" деген желеумен кеп, оларды құдайды түгел терістейтін әтейстік-материалистік жолға ертіп кетті, демек, шайтан оларды бір үңгірден суырып алып, тағы бір қараңғыға, демек, әтейизім үңгіріне тыға салды, шайтан батысты ғылым-технологиямен алдап ұстауда, олар руханиятсыз, құрдымға кеткен елдер болды, пайғамбарлармен әулиелер қабырларында тірі, олар көрер, сезер, білер, жүрер, себебі оларды Алла рухани күшпен қуаттаған, рухани күш тәннен кетпейді, өзгелер өлгенде топыраққа айналса, олардың тәні сол қалпы тұрар, қияметте өзгелер топырақтан қайта жаралса, олар сол тәндерімен келеді, рухани қуатты жан осылай, олар өлсе тәні шірімес, қияметте адамзаттың әйгілілері солар, бүкіл жұрт олардың артынан жүгіретін болады, осы дүниеде олармен бірге болғандар ақиретте құтылады. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ 3 قۇداي ەلەسىنەن عىلىم-تەحنولوگياعا ياعني ءبىر ۇڭگىردەن تاعى ءبىر ۇڭگىرگە كىرۋ باتىس 2000 جىل بويى شايتاننىڭ 3 قۇداي ەلەسىمەن الدانىپ كەلگەن ەدى، بەرتىندە ولار الدانعانىن بىلە بەرگەندە، شايتان ولارعا "عىلىم -تەحنولوگيا" دەگەن جەلەۋمەن كەپ، ولاردى قۇدايدى تۇگەل تەرىستەيتىن اتەيستىك-ماتەرياليستىك جولعا ەرتىپ كەتتى، دەمەك، شايتان ولاردى ءبىر ۇڭگىردەن سۋىرىپ الىپ، تاعى ءبىر قاراڭعىعا، دەمەك، اتەيزىم ۇڭگىرىنە تىعا سالدى، شايتان باتىستى عىلىم-تەحنولوگيامەن الداپ ۇستاۋدا، ولار رۋحانياتسىز، قۇردىمعا كەتكەن ەلدەر بولدى، پايعامبارلارمەن اۋليەلەر قابىرلارىندا ءتىرى، ولار كورەر، سەزەر، بىلەر، جۇرەر، سەبەبى ولاردى اللا رۋحاني كۇشپەن قۋاتتاعان، رۋحاني كۇش تاننەن كەتپەيدى، وزگەلەر ولگەندە توپىراققا اينالسا، ولاردىڭ ءتانى سول قالپى تۇرار، قيامەتتە وزگەلەر توپىراقتان قايتا جارالسا، ولار سول تاندەرىمەن كەلەدى، رۋحاني قۋاتتى جان وسىلاي، ولار ولسە ءتانى شىرىمەس، قيامەتتە ادامزاتتىڭ ايگىلىلەرى سولار، بۇكىل جۇرت ولاردىڭ ارتىنان جۇگىرەتىن بولادى، وسى دۇنيەدە ولارمەن بىرگە بولعاندار اقيرەتتە قۇتىلادى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi # https://www.instagram.com/p/Cp-PvgAyvKP/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТҮПКІ ҚОЛДАНЫС МАҚСАТЫ АЛЛАМЕН "СОҒЫСУ" Күшті мемлекеттер ара бәсеке адамдарды құрдымға кетірмек, олар атом-сутек бомба тастап, нұр жіберіп адамдарды лезде күйдіріп, күл етеді де, жасанды боран соқтырып, күлді ұшырып жіберер, онан соң олар "біздің технологияны көрдіңдер ме!" дер, мұның бәрі шайтани жол, шайтан адамға дос емес, ол адамдардың бір-бірін күйдіріп жоқ еткенін аңсар, ал технология олардың барлық шайтани істі істейтін құралы, олар "от керек, от" деп жүріп, оқ-дәрі, атом-сутек қару, ләзер, демек, күшті "отты" тапты, міне осылай олар технологиясымен бірге өрт теңізінің ортасына өздерінің қалай топ ете түскенін байқамай да қалатын болады, олар бір-бірін күйдіреді, жүрегіңді әулиелермен бір ет, Алланың илаһи қорғаны солармен бірге, олармен бір бол, бұның Аллаға бұрылғаның, жақындағаның болар, сонда залымдардың бұл өрті сендерге тимес, олар бір-бірін өртемекке анталап, сұранып тұр. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ تەحنولوگيانىڭ تۇپكى قولدانىس ماقساتى اللامەن "سوعىسۋ" كۇشتى مەملەكەتتەر ارا باسەكە ادامداردى قۇردىمع�� كەتىرمەك، ولار اتوم-سۋتەك بومبا تاستاپ، نۇر جىبەرىپ ادامداردى لەزدە كۇيدىرىپ، كۇل ەتەدى دە، جاساندى بوران سوقتىرىپ، كۇلدى ۇشىرىپ جىبەرەر، ونان سوڭ ولار "ءبىزدىڭ تەحنولوگيانى كوردىڭدەر مە!" دەر، مۇنىڭ ءبارى شايتاني جول، شايتان ادامعا دوس ەمەس، ول ادامداردىڭ ءبىر-ءبىرىن كۇيدىرىپ جوق ەتكەنىن اڭسار، ال تەحنولوگيا ولاردىڭ بارلىق شايتاني ءىستى ىستەيتىن قۇرالى، ولار "وت كەرەك، وت" دەپ ءجۇرىپ، وق-ءدارى، اتوم-سۋتەك قارۋ، لازەر، دەمەك، كۇشتى "وتتى" تاپتى، مىنە وسىلاي ولار تەحنولوگياسىمەن بىرگە ءورت تەڭىزىنىڭ ورتاسىنا وزدەرىنىڭ قالاي توپ ەتە تۇسكەنىن بايقاماي دا قالاتىن بولادى، ولار ءبىر-ءبىرىن كۇيدىرەدى، جۇرەگىڭدى اۋليەلەرمەن ءبىر ەت، اللانىڭ يلاھي قورعانى سولارمەن بىرگە، ولارمەن ءبىر بول، بۇنىڭ اللاعا بۇرىلعانىڭ، جاقىنداعانىڭ بولار، سوندا زالىمداردىڭ بۇل ءورتى سەندەرگە تيمەس، ولار ءبىر-ءبىرىن ورتەمەككە انتالاپ، سۇرانىپ تۇر. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/nvrislami https://www.instagram.com/p/Cp98esuSiUt/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
МӘХДИМЕН БІРГЕ БОЛУДЫҢ ШАРТЫ РУХАНИ ТАЗАЛЫҚ Мәхди келісімен технология қоқсыққа лақтырылар, себебі адамдар технологиясымен мақтанады, технологияның ештеңе емес екеніне адамзат куә болар, ол кезде тәбиғи заң істен қалып, мұғжиза дәуірі орнайды, Мәхди - мұғжиза патшасы, аса үлкен соғыс боп, Мәхдидің келуін жеделтеді, басына тұрбан-сәлде кигендерге еш кесір тимейді, тұрбан - пайғамбар басындағы тәж, ал әйелдерді жаулық қорғайды, тұрбан киген ермен жаулық таққан әйелге Алланың илаһи қорғаны жіберіледі, жалаңбас-жалаңбұт ер-әйелді артынан бәле қуады, қазір аспаннан бәле-қаламен қиындық жаңбырша жауа бастады, одан соң Мәхдидің келуін аса үлкен соғыс мәлхама кубра ғана бөліп тұр, дүние мүлдем өзгеріп, адамдар жаңаланады, лас адамдар құриды, сондықтан таза болу, иманды адам болу, туралықта болу Мәхдимен бірге болудың шарты, Алла, пайғамбар, әулиелер сөзіне құлақ ассаң Мәхдиге ерерсің, Мәхди адамзатқа аса зор тазалау жүргізіп екшейді. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ ماحديمەن بىرگە بولۋدىڭ شارتى رۋحاني تازالىق ءماحدي كەلىسىمەن تەحنولوگيا قوقسىققا لاقتىرىلار، سەبەبى ادامدار تەحنولوگياسىمەن ماقتانادى، تەحنولوگيانىڭ ەشتەڭە ەمەس ەكەنىنە ادامزات كۋا بولار، ول كەزدە ءتابيعي زاڭ ىستەن قالىپ، مۇعجيزا ءداۋىرى ورنايدى، ءماحدي - مۇعجيزا پاتشاسى، اسا ۇلكەن سوعىس بوپ، ءماحديدىڭ كەلۋىن جەدەلتەدى، باسىنا تۇربان-سالدە كيگەندەرگە ەش كەسىر تيمەيدى، تۇربان - پايعامبار باسىنداعى ءتاج، ال ايەلدەردى جاۋلىق قورعايدى، تۇربان كيگەن ەرمەن جاۋلىق تاققان ايەلگە اللانىڭ يلاھي قورعانى جىبەرىلەدى، جالاڭباس-جالاڭبۇت ەر-ايەلدى ارتىنان بالە قۋادى، ءقازىر اسپاننان بالە-قالامەن قيىندىق جاڭبىرشا جاۋا باستادى، ودان سوڭ ءماحديدىڭ كەلۋىن اسا ۇلكەن سوعىس ءمالحاما كۋبرا عانا ءبولىپ تۇر، دۇنيە مۇلدەم وزگەرىپ، ادامدار جاڭالانادى، لاس ادامدار قۇريدى، سوندىقتان تازا بولۋ، يماندى ادام بولۋ، تۋرالىقتا بولۋ ماحديمەن بىرگە بولۋدىڭ شارتى، اللا، پايعامبار، اۋليەلەر سوزىنە قۇلاق اسساڭ ماحديگە ەرەرسىڭ، ءماحدي ادامزاتقا اسا زور تازالاۋ جۇرگىزىپ ەكشەيدى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.co https://www.instagram.com/p/Cp91YiOyiD1/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
ТЕХНОЛОГИЯ - ОЙЫНШЫҚ, ОЛ МӘХДИДІҢ БІР ТӘКБІРІМЕН ЖОЙЫЛАДЫ Батыс 'технологиямыз бар' деп мақтанады, олар оны Аллаға қарсы істетпек болар, кемінде онымен Алланы терістемек, ал бұдан өткен ақымақтық болмас! технология - ойыншық, қазір Мәхдидің келуіне жер-көк дайындалуда, онда "әуелі электр кетеді" делінген яғни әуелі технология күйремек, тек машина, компьютер тб-лардан ғана емес, ай-күнмен адам денесінен де электр көшеді, осы себеппен көп адам өлер, Алланың илаһи қорғаны астындағылар ғана аман боп, оларға еш залал келмес, Мәхди жержүзінде еш боп көрмеген ғажап күшпен келеді, ол бір тәкбір айтқанда электр жоғалып, технология күйрейді, екінші тәкбірде тәбиғат өзгеріп, бүкіл барлығы Мәхдимен мүминдер үшін жұмыс істей бастайды, жер жәннат сияқты болар, бірақ Мәхди келерден бұрын адамзат тым сүркейлі жағдайлармен үлкен ұрысты бастан кешірмек, адамзатпен исламға зияндылар, Аллаға қарсылар түгел қырылар, заман осы уақиғаларды қарсы алуға ұшып барады. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ تەحنولوگيا - ويىنشىق، ول ءماحديدىڭ ءبىر تاكبىرىمەن جويىلادى باتىس 'تەحنولوگيامىز بار' دەپ ماقتانادى، ولار ونى اللاعا قارسى ىستەتپەك بولار، كەمىندە ونىمەن اللانى تەرىستەمەك، ال بۇدان وتكەن اقىماقتىق بولماس! تەحنولوگيا - ويىنشىق، ءقازىر ءماحديدىڭ كەلۋىنە جەر-كوك دايىندالۋدا، وندا "اۋەلى ەلەكتر كەتەدى" دەلىنگەن ياعني اۋەلى تەحنولوگيا كۇيرەمەك، تەك ماشينا، كومپيۋتەر تب-لاردان عانا ەمەس، اي-كۇنمەن ادام دەنەسىنەن دە ەلەكتر كوشەدى، وسى سەبەپپەن كوپ ادام ولەر، اللانىڭ يلاھي قورعانى استىنداعىلار عانا امان بوپ، ولارعا ەش زالال كەلمەس، ءماحدي جەرجۇزىندە ەش بوپ كورمەگەن عاجاپ كۇشپەن كەلەدى، ول ءبىر تاكبىر ايتقاندا ەلەكتر جوعالىپ، تەحنولوگيا كۇيرەيدى، ەكىنشى تاكبىردە ءتابيعات وزگەرىپ، بۇكىل بارلىعى ماحديمەن مۇميندەر ءۇشىن جۇمىس ىستەي باستايدى، جەر ءجاننات سياقتى بولار، ءبىراق ءماحدي كەلەردەن بۇرىن ادامزات تىم سۇركەيلى جاعدايلارمەن ۇلكەن ۇرىستى باستان كەشىرمەك، ادامزاتپەن يسلامعا زياندىلار، اللاعا قارسىلار تۇگەل قىرىلار، زامان وسى ۋاقيعالاردى قارسى الۋعا ۇشىپ بارادى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #махаббат nvrislam https://www.instagram.com/p/Cp7ot0MS5zW/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
ҚАШАН ЖЕР ДЕ МАРС СИЯҚТЫ ҚАҢЫРАП ҚАЛАТЫН БОЛАДЫ? "АҚШ-тың айға шыққан" хабарын анамызға (Мәуләнә Шайық назым әулиенің жары Хаж Әмина), ол "бұл өтірік, егер адам айға аяқ басар болса, ол жәйлі құранмен әулиелер айтар еді, ол - үлкен іс, Алладан оларға рұқсат жоқ" деді, кәпірлер де жаңалық ашса да я жасаса да, барлығы Алланың рұқсатында өз уақыты келгенде ��ана іске асады, қазір адамдар марысқа машина апарды, ол да Алла рұқсатыменен болды, адамдар ғибрат алуы үшін рұқсат етілген, марысқа қарап-ақ, қияметте жердің де марыс сияқты тіршіліксіз дүниеге өзгеріп, тірлік иелерінің барлығы алынып кететіндігін ғибрат етуге болады, әсіресе кәпірлер қайда барса да Алла белгілеріне жолығып, тұмсығы тасқа тиеді, марыста жер сияқты тіршілік болып, адамдар сияқты өзгелер өмір сүрген болуы мүмкін, сосын олардың өз қиямет күні келгенде, олардың есебі жасалынып, өз орындарына әкетілген болуы мүмкін, қиямет орнаған күні жер де марыстай қаңырап тіршіліксіз қалмақ. - ШАЙЫҚ БАХАУДИН قاشان جەر دە مارس سياقتى قاڭىراپ قالاتىن بولادى؟ "اقش-تىڭ ايعا شىققان" حابارىن انامىزعا (ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليەنىڭ جارى حاج ءامينا)، ول "بۇل وتىرىك، ەگەر ادام ايعا اياق باسار بولسا، ول ءجايلى قۇرانمەن اۋليەلەر ايتار ەدى، ول - ۇلكەن ءىس، اللادان ولارعا رۇقسات جوق" دەدى، كاپىرلەر دە جاڭالىق اشسا دا يا جاساسا دا، بارلىعى اللانىڭ رۇقساتىندا ءوز ۋاقىتى كەلگەندە عانا ىسكە اسادى، ءقازىر ادامدار مارىسقا ماشينا اپاردى، ول دا اللا رۇقساتىمەنەن بولدى، ادامدار عيبرات الۋى ءۇشىن رۇقسات ەتىلگەن، مارىسقا قاراپ-اق، قيامەتتە جەردىڭ دە مارىس سياقتى تىرشىلىكسىز دۇنيەگە وزگەرىپ، تىرلىك يەلەرىنىڭ بارلىعى الىنىپ كەتەتىندىگىن عيبرات ەتۋگە بولادى، اسىرەسە كاپىرلەر قايدا بارسا دا اللا بەلگىلەرىنە جولىعىپ، تۇمسىعى تاسقا تيەدى، مارىستا جەر سياقتى تىرشىلىك بولىپ، ادامدار سياقتى وزگەلەر ءومىر سۇرگەن بولۋى مۇمكىن، سوسىن ولاردىڭ ءوز قيامەت كۇنى كەلگەندە، ولاردىڭ ەسەبى جاسالىنىپ، ءوز ورىندارىنا اكەتىلگەن بولۋى مۇمكىن، قيامەت ورناعان كۇنى جەر دە مارىستاي قاڭىراپ تىرشىلىكسىز قالماق. - شايىق باحاۋدين #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw https://www.instagram.com/p/Cp62ehVyWPJ/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
САБЫРЛЫ КІСІ АЛЛАҒА СҮЙІКТІ Алланың сүйікті құлы дегеніміз Алланың әрбір қалауын қабыл етіп, оған риза бола білетін жан, ал құлшылық өтеу оңай нәрсе, соншама көп адам намаз оқып, ораза ұстайды емеспе, бұлар жеңіл ғибадат, алайда Алла қалап жіберген әр өзгерісті қабақ шытпай, көңілдене қабыл алу, демек, Алла қалауына риза бола білу тек өте аз адамның қолынан келер, өз қалауын Алланың қалауына бағындыратын кісі шанда бір кездеседі, олар әрқандай жағдайда да Аллаға риза бола білгендіктен, Алла да оларға риза, көп ел өздерін құлшылық етуге зорлайды, ал Алла оны ұнатпайды, бірақ Алла адамдардың өзіне махаббат және құрметпен құлшылық еткенін қалайды, сіз аз-аздан құлшылықты осындай өтеуге үйреніңіз, сабырлы болу оңай іс емес, алайда біз сабырлы болалық, сабыр адамды уақыт және кеңестік шектемесінен алқытып шығарып, илаһилыққа жол ашады, ол кісіні Алланың сүйіктілеріне айналдырар, сабырлы кісі Аллаға сүйікті кісі. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ سابىرلى كىسى اللاعا سۇيىكتى اللانىڭ سۇيىكتى قۇلى دەگەنىمىز اللانىڭ ءاربىر قالاۋىن قابىل ەتىپ، وعان ريزا بولا بىلەتىن جان، ال قۇلشىلىق وتەۋ وڭاي نارسە، سونشاما كوپ ادام ناماز وقىپ، ورازا ۇستايدى ەمەسپە، بۇلار جەڭىل عيبادات، الايدا اللا قالاپ جىبەرگەن ءار وزگەرىستى قاباق شىتپاي، كوڭىلدەنە قابىل الۋ، دەمەك، اللا قالاۋىنا ريزا بولا ءبىلۋ تەك وتە از ادامنىڭ قولىنان كەلەر، ءوز قالاۋىن اللانىڭ قالاۋىنا باعىندىراتىن كىسى شاندا ءبىر كەزدەسەدى، ولار ءارقانداي جاعدايدا دا اللاعا ريزا بولا بىلگەندىكتەن، اللا دا ولارعا ريزا، كوپ ەل وزدەرىن قۇلشىلىق ەتۋگە زورلايدى، ال اللا ونى ۇناتپايدى، ءبىراق اللا ادامداردىڭ وزىنە ماحاببات جانە قۇرمەتپەن قۇلشىلىق ەتكەنىن قالايدى، ءسىز از-ازدان قۇلشىلىقتى وسىنداي وتەۋگە ۇيرەنىڭىز، سابىرلى بولۋ وڭاي ءىس ەمەس، الايدا ءبىز سابىرلى بولالىق، سابىر ادامدى ۋاقىت جانە كەڭەستىك شەكتەمەسىنەن القىتىپ شىعارىپ، يلاھيلىققا جول اشادى، ول كىسىنى اللانىڭ سۇيىكتىلەرىنە اينالدىرار، سابىرلى كىسى اللاعا سۇيىكتى كىسى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссауи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw i https://www.instagram.com/p/Cpw0lR8SgRe/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
МӘХДИ КЕЗІНДЕ ХАНМЕН СҰЛТАНДАР ҚАЙТА КЕЛЕДІ Мәхди ғ.с-ның бірінші уәзірі шығыста, ол 20000 атты әскермен келіп, Мәхдиге қосылады, батыстың түзімдерін ұнатып, хан-сұлтандыққа қарсы болғандар Мәхдиге жете алмас, олар өшеді, хан-сұлтандық Алла белгілеген түзім, оны бертінде шайтани адамдар кетірді, бірақ ол Мәхди ғ.с-ның кезінде қайта орнайды, сұлтан жоқ жерде, жұртқа шайтан патша болады, демек, сұлтан кетсе, шайтан келер, ал сұлтан келсе, шайтан кетер, сондықтан шайтан әскерлері сұлтанды жақсы көрмейді, Африкадан 70000 қара кісі Мәхдиге жаяу шауып келеді, олардың шабысы аттың шабысына ұқсар, Мәхдиге ең көп болып, қаралар (негірлер) ереді, ал шайтан бұны біледі, сондықтан шайтан оларға бар зұлымдығын істеуде, ол оларға тым кекті, ал технология Мәхди ғ.с-ның атты әскерлерінің тұяқ астында жоқ болады, электр ғайып боп, бүкіл машина, ұшақ, кеме, бомба, қарулар істен шығады, олардың аттары аспанда ұшады, көз ұшына лезде жетеді. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ ءماحدي كەزىندە حانمەن سۇلتاندار قايتا كەلەدى ءماحدي ع.س-نىڭ ءبىرىنشى ءۋازىرى شىعىستا، ول 20000 اتتى اسكەرمەن كەلىپ، ماحديگە قوسىلادى، باتىستىڭ تۇزىمدەرىن ۇناتىپ، حان-سۇلتاندىققا قارسى بولعاندار ماحديگە جەتە الماس، ولار وشەدى، حان-سۇلتاندىق اللا بەلگىلەگەن ءتۇزىم، ونى بەرتىندە شايتاني ادامدار كەتىردى، ءبىراق ول ءماحدي ع.س-نىڭ كەزىندە قايتا ورنايدى، سۇلتان جوق جەردە، جۇرتقا شايتان پاتشا بولادى، دەمەك، سۇلتان كەتسە، شايتان كەلەر، ال سۇلتان كەلسە، شايتان كەتەر، سوندىقتان شايتان اسكەرلەرى سۇلتاندى جاقسى كورمەيدى، افريكادان 70000 قارا كىسى ماحديگە جاياۋ شاۋىپ كەلەدى، ولاردىڭ شابىسى اتتىڭ شابىسىنا ۇقسار، ماحديگە ەڭ كوپ بولىپ، قارالار (نەگىرلەر) ەرەدى، ال شايتان بۇنى بىلەدى، سوندىقتان شايتان ولارعا بار زۇلىمدىعىن ىستەۋدە، ول ولارعا تىم كەكتى، ال تەحنولوگيا ءماحدي ع.س-نىڭ اتتى اسكەرلەرىنىڭ تۇياق استىندا جوق بولادى، ەلەكتر عايىپ بوپ، بۇكىل ماشينا، ۇشاق، كەمە، بومبا، قارۋلار ىستەن شىعادى، ولاردىڭ اتتارى اسپاندا ۇشادى، كوز ۇشىنا لەزدە جەتەدى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссауи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nv https://www.instagram.com/p/CpsJ5CSy0se/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
НАМАЗ САУАБЫ ТІЛМЕН ЕМЕС, ЖҮРЕКПЕН КЕЛЕДІ Бірде әйгілі ғұлама Хасан Басри сапарлап келе жатып, мәлім шағын ауылдағы тым жұпыны мешітке түсер, имамға ұйып жамағат намаз оқиды, бірақ мұндағы имамның тілі құран аятына жақсы келмейтін имам боп шығады, Хасан Басри болса, бұл имамды жақтырмай "тілі құранға да келмейтін біреу екен" деп, намазын өзі қайтадан оқиды, ұйықтап қалады, ал оның түсінде Алла оған аян беріп "о Хасан, сен манағы пендемді жақтырмай әспенсідің, алайда оның оқыған бір ракат намазы, сенің қазірге дейін өмір бойы оқыған намазыңнан да әлде қайда салмақты, оның тілі құранға келмегенімен, жүрегі тым кіршіксіз, намазда Маған ықласы таза, оның намазы қара жерден ауыр, сауабы өте үлкен" дер, ал ғұламаның есі шығып, қатты сасады, өкіне тәубе қылады әрі ешкімді сыртынан бағаламауға аныт етеді. ناماز ساۋابى تىلمەن ەمەس، جۇرەكپەن تابىلار بىردە ايگىلى عۇلاما حاسان باسري ساپارلاپ كەلە جاتىپ، ءمالىم شاعىن اۋىلداعى تىم جۇپىنى مەشىتكە تۇسەر، يمامعا ۇيىپ جاماعات ناماز وقيدى، ءبىراق مۇنداعى يمامنىڭ ءتىلى قۇران اياتىنا جاقسى كەلمەيتىن يمام بوپ شىعادى، حاسان باسري بولسا، بۇل يمامدى جاقتىرماي "ءتىلى قۇرانعا دا كەلمەيتىن بىرەۋ ەكەن" دەپ، نامازىن ءوزى قايتادان وقيدى، ۇيىقتاپ قالادى، ال ونىڭ تۇسىندە اللا وعان ايان بەرىپ "و حاسان، سەن ماناعى پەندەمدى جاقتىرماي اسپەنسىدىڭ، الايدا ونىڭ وقىعان ءبىر راكات نامازى، سەنىڭ قازىرگە دەيىن ءومىر بويى وقىعان نامازىڭنان دا الدە قايدا سالماقتى، ونىڭ ءتىلى قۇرانعا كەلمەگەنىمەن، جۇرەگى تىم كىرشىكسىز، نامازدا ماعان ىقلاسى تازا، ونىڭ نامازى قارا جەردەن اۋىر، ساۋابى وتە ۇلكەن" دەر، ال عۇلامانىڭ ەسى شىعىپ، قاتتى ساسادى، وكىنە تاۋبە قىلادى ءارى ەشكىمدى سىرتىنان باعالاماۋعا انىت ەتەدى. #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссауи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/nvrislami https://www.instagram.com/p/Cppo_aLSADg/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
УАХАБИ-САЛАФИЛАР ОСЫЗАМАН МҰНАФИҚТАРЫ Құранда Алла екіжүзділер (мұнафиқтар) хақында айтты, ал уахаби салафилар "құран сол кездегі адамдарды, сахабаларды айтты, ол сонымен бітті" деп ойлар, шындығында Алла құрандағы мұнафиқ сүресінде осы уахаби-салафилардың дәл өздеріне үн қатқан, себебі олардың іс-әрекетімен мінез-құлқы дәл сол кездегі мұнафиқтардан еш аумайды, солармен ұқсас-дүр, міне осылай Алла құран арқылы осызаманның мұнафиқтары уахаби-салафиларға сөз сөйлеген, олар жәйлі айтқан, құранда "уақыт өтіп кету" болмайды, Алла құранмен жер бетіндегі бүкіл замандағы бүкіл адамдарға сөйлеген, осызаман мұнафиқтары кімдер? олар уахаби-салафилар, Алла сол заманда-ақ осызаманның мұнафиқтары уахаби-салафилар жәйлі айтты, демек, уахаби-салафилар осызамандағы екіжүзді мұнафиқтарының уәкілі. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ ۋاحابي-سالافيلار وسىزامان مۇنافيقتارى قۇراندا اللا ەكىجۇزدىلەر (مۇنافيقتار) حاقىندا ايتتى، ال ۋاحابي سالافيلار "قۇران سول كەزدەگى ادامداردى، ساحابالاردى ايتتى، ول سونىمەن ءبىتتى" دەپ ويلار، شىندىعىندا اللا قۇرانداعى مۇنافيق سۇرەسىندە وسى ۋاحابي-سالافيلاردىڭ ءدال وزدەرىنە ءۇن قاتقان، سەبەبى ولاردىڭ ءىس-ارەكەتىمەن مىنەز-قۇلقى ءدال سول كەزدەگى مۇنافيقتاردان ەش اۋمايدى، سولارمەن ۇقساس-ءدۇر، مىنە وسىلاي اللا قۇران ارقىلى وسىزاماننىڭ مۇنافيقتارى ۋاحابي-سالافيلارعا ءسوز سويلەگەن، ولار ءجايلى ايتقان، قۇراندا "ۋاقىت ءوتىپ كەتۋ" بولمايدى، اللا قۇرانمەن جەر بەتىندەگى بۇكىل زامانداعى بۇكىل ادامدارعا سويلەگەن، وسىزامان مۇنافيقتارى كىمدەر؟ ولار ۋاحابي-سالافيلار، اللا سول زاماندا-اق وسىزاماننىڭ مۇنافيقتارى ۋاحابي-سالافيلار ءجايلى ايتتى، دەمەك، ۋاحابي-سالافيلار وسىزامانداعى ەكىجۇزدى مۇنافيقتارىنىڭ ۋاكىلى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссауи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/nvrislami https://www.instagram.com/p/Cpmj5U4ycoO/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes
tanirtaw · 2 years
Photo
Tumblr media
ЖҮРЕК ЖЕТКЕНГЕ АҚЫЛ-САНА ЖЕТЕ БЕРМЕЙДІ Әулие шайық пайғамбарымыз жағынан тағайындалар, осындай тағайындалған шайықтар ғана сізге сіздің "кілтіңізді" бере алады, міне бұл сіздердің бұнда нақышбанд сопы тәриқатында болып, өздеріңізді тәрбиелеу мақсаттарыңыз, "кітап оқып-ақ оған жете аламын" деген есек дәмеде болмаңыздар, бұндай ой болмасын, ешқашан "бүкіл барлығы адамның ақыл-санасына сыяды" деп ойламаңыз, адамның ақыл-санасы тым шектеулі, ол жершарыға байланған, бірақ біздің жолымыз жан-рух арқылы түсінетін жол, ақыл-сана қабыл етпейтінді жүрек қабыл ете алады, ал жүрек сенгенге ақыл-сана сенбейді, бұнда осы түйіндер аса маңызды. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ جۇرەك جەتكەنگە اقىل-سانا جەتە بەرمەيدى اۋليە شايىق پايعامبارىمىز جاعىنان تاعايىندالار، وسىنداي تاعايىندالعان شايىقتار عانا سىزگە ءسىزدىڭ "كىلتىڭىزدى" بەرە الادى، مىنە بۇل سىزدەردىڭ بۇندا ناقىشباند سوپى ءتاريقاتىندا بولىپ، وزدەرىڭىزدى تاربيەلەۋ ماقساتتارىڭىز، "كىتاپ وقىپ-اق وعان جەتە الامىن" دەگەن ەسەك دامەدە بولماڭىزدار، بۇنداي وي بولماسىن، ەشقاشان "بۇكىل بارلىعى ادامنىڭ اقىل-ساناسىنا سىيادى" دەپ ويلاماڭىز، ادامنىڭ اقىل-ساناسى تىم شەكتەۋلى، ول جەرشارىعا بايلانعان، ءبىراق ءبىزدىڭ جولىمىز جان-رۋح ارقىلى تۇسىنەتىن جول، اقىل-سانا قابىل ەتپەيتىندى جۇرەك قابىل ەتە الادى، ال جۇرەك سەنگەنگە اقىل-سانا سەنبەيدى، بۇندا وسى تۇيىندەر اسا ماڭىزدى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #дана #әулие #ілім #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #адамгершілік #иман #балалар #шәриғат #салт #дәстүр #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләна #яссауи #күн #нақыл #пайғамбар #мұхаммад #махаббат nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/nvrislami https://www.instagram.com/p/CpkPi1bS2Yh/?igshid=NGJjMDIxMWI=
0 notes